Page 29 -
P. 29
textbooks nis edu kz
ды. Осы заманғы жер бедері шамамен 150 млн жыл бұрын
қалыптасқан. Қазіргі кезде бүкіл құрлықтың 55%-ы – таулы
және 45%-ы – жазық өлкелер. Еліміздің қазіргі жер беде-
рі палеогеографиялық дамудың талай ұзақ кезеңдерінен
кейін, теңіздік және континенттік жағдайлардың алмасып
отыруынан, климаттың үнемі өзгеріске ұшырауынан және
тектоникалық қозғалыстардың нәтижесінде қалыптас қан.
Қазақстан жер бедерінің басым бөлігін жазықтар мен үс-
тірттер құрайды (87%), ал таулы аудандар (13%) еліміздің
шығыс және оңтүстік-шығыс аудандарында шоғырланған.
Тапсырма 3-суретте бейнеленген денудация үдерісінің жер бетін өз-
геріске ұшырату мүмкіндігіне баға бер.
үстірт
500 м
200 м
0 м
жазыңқы
қырат
жер
ойпат
бедері ойыс
таулы
биік таулар
5000 м
орташа таулар
2000 м
аласа таулар
1000 м
2-сурет. Жер бедері түрлері
Мен зерттеушімін
1. 2-суретті пайдаланып, жер бедері түрлеріне дүниежүзінің физи-
калық картасынан кемінде үш мысалдан келтір.
2. Дүниежүзінің физикалық картасын пайдаланып, таулар туралы
географиялық деректер базасын құрастыр. Ақпараттық базаны
кесте түрінде толтыр.
Кестені мынадай жоспар бойынша дәптеріңе сызып алып толтыр:
а) Жер бедерінің пішіні (аласа тау, орташа тау, биік тау);
ә) нысандар;
б) географиялық орны (орналасқан материк немесе құрлық бө-
ліктері).
Сенің кезегің
1. Жер бедері деген не?
2. Жер бедерінің әртүрлі пішінін қалай түсіндіруге болады?
3. Жер бедерінің болашақта өзгеруі неге байланысты?
4. «Қазақстандағы жер бедерінің пішіндері» деген тақырыпта ақ- 3-сурет. Физикалық үгілу
параттық деректер базасын құрастыр. үдерісінің көрінісі
29

