Page 31 -
P. 31

textbooks nis edu kz
              Жерсеріктік түсірілім           Физикалық картада биіктік        Тектоникалық картада жер
              арқылы белгілі бір жердің       пен тереңдік шкаласы жалпы       қыртысының құрылымы
              жер бедерінің пішінімен         жер бедерінің пішінін және       мен геологиялық дамуы
              танысуға болады.                орташа биіктігін анықтау үшін    сипатталады.
                                              пайдаланылады.

                                                                                                    ОҢТҮСТІК-АМЕРИКАЛЫҚ
                                                                                                    ЛИТОСФЕРАЛЫҚ ТАҚТА
                                                                              НАСКА
                                                                              ЛИТОСФЕРАЛЫҚ
                                                                              ТАҚТАСЫ
                                                                                                 Өндіру өнеркәсібі
                                                                                               Мұнай  Қоңыр көмір
                                                                                               Табиғи газ  Уран кендері
                                                                                               Алмаз  Селитра
                                                                                               Марганец кендері  Мыс кендері
                                                                                               Алюминий кендері  Алтын
                                                                                               Никель кендері  Қалайы кендері
                                                                                               Темір кендері  Фосфориттер
                                                                              ТЫНЫҚ            Таскөмір  Полиметалл кендері
                                                                              МҰХИТТЫҚ
                                                                              ЛИТОСФЕРАЛЫҚ
                                                                              ТАҚТА
                                                                               Пайдалы қазбалардың
                                                                               таралуы туралы шартты
                                                                               белгілерден білуге
                                                                               болады.
          Картамен жұмыс

             Жер шарында құрлықтың орташа биіктігі – 700 м. Оңтүстік
          Америка материгінің орташа биіктігі – 580 м. Ал Анд таула-
          рында ол 4000 м-ді құрайды. Оңтүстік Американың батыс
          жағалауында ірі Анд тау жүйелері, шығысында Амазонка, Ла-
          Плата ойпаттары, Гран-Чако, Пантанал, Маморе жазықтары
          және Бразилия мен Гвиана үстірттері орналасқан (физикалық
          картадан тауып көрсет). Материктің орташа биіктігінің салыс-
          тырмалы төмен болуы ежелгі каледон және герцин қатпар-
          лығы платформасында орналасуымен түсіндіріледі. Мате-
          риктің батысында ірі геосинклинальды аймақ – Анд  таулары
          сейсмикалық белсенді ауданы орналасқан. Анд тауларында
          орналасқан Чили мемлекетіндегі 1960 жылғы 9,5 баллдық
          жер сілкінісі ең ірі табиғи апат болып есептеледі (ғаламторды
          пайдаланып, «Чилидегі ұлы жер сілкінісі» туралы ақпаратпен
          таныс).
             Анд тауларында батыс жартышардың ең биік нүктесі –
          Аконкагуа шыңы (6960 м) орналасқан.
          Тапсырма   1. Жер бедерін сипаттау жоспары бойынша Оңтүстік Аме-             Анд таулары
           Сенің кезегің
          риканың жер бедеріне зерттеу жүргіз.
          2. 30-беттегі кестені  үлгі ретінде пайдаланып, «Оңтүстік Американың
          жер бедері» деректер базасын әзірле.




           1.   Бүгінгі сабақтан не үйрендің?
           2.   Жер бедерін сипаттау жоспары не үшін керек? Оның маңызы неде?
           3.   Өздерің тұратын өңірдің жер бедерін осы жоспар бойынша сипатта.




                                                                                                         31
   26   27   28   29   30   31   32   33   34   35   36