Page 28 -
P. 28

textbooks nis edu kz
            3.1.2 Жер бедерінің қалыптасу және таралу заңдылықтары



                Жер бедері сыртқы күштер әсерінен өзгереді.
                Жер бедерінің түрлері ұзақ жылдар бойы қалыптасып,                Сен:
            кейіннен әртүрлі күштер әсерінен өзгеріске ұшырайды. Жер              жер    бедерінің   қалыптасу
                                                                                  және  таралу  заңдылықтарын
            бедерін қалыптастыратын басты күш – эндогендік күш екенін             зерттеуді
            7-сыныптан білесің. Жер бедерін үнемі өзгеріске ұшыратып              үйренетін боласың.
            отыратын сыртқы күштер үгілу үдерісінің әсерінен жүреді.
            Үгілу дегеніміз – жер бетінде немесе ауа қабатында тем-
            ператураның ауытқуы, судың және ағзалардың химиялық
            немесе механикалық әсерінен тау жыныстарының бұзылуы
            мен химиялық өзгеріске ұшырау үдерісі. Үгілу физикалық
            (механикалық), химиялық және органикалық болып үш топқа
            бөлінеді. Үгілу салдарынан денудация үдерісі жүріп, ол жер
            бедерін күрделі өзгеріске ұшыратады. Денудация – үгілген тау
            жыныстарының жер бетінің ойпаң бөліктеріне сырғу немесе
            тасымалдану (сумен, желмен, мұздықпен, ауырлық күшінің
            тікелей әсерімен) үдерістерінің жиынтығы. Денудация басым
            болса, онда аймақтың абсолют және салыстырмалы биіктік-
            тері ұдайы үгіліп, жер бедері біртіндеп аласарып отырады.
                Негізгі ұғымдар
                Физикалық үгілуде ауа температурасының күрт өзгеруі
            мен ылғалдың артуынан тау жыныстары шытынап жарылып,
            ұсақ кесектерге бөлінеді. Алайда бұл орайда тау жыныста-
            рының химиялық құрамы өзгермейді.
                Химиялық үгілуде су түбіне тау жыныстарының тұнуы,
            шайылуы нәтижесінде химиялық реакциялардың жүруінен
            тау жыныстарының құрамы өзгеріске ұшырап, жаңа мине-
            ралдар қалыптасады.
                Органикалық үгілуде бактериялар, саңырауқұлақтар,
            қыналар және т.б. ағзалардың әсерінен тау жыныстары өз-
            гереді. Мысалы, тау жыныстарының қуыстарында өсімдік-
            тердің өсуі ерітінді заттар бөліп, тау жыныстарын үгітеді.

             ?   1-суретте Шарын каньоны, Үстірт, Оқжетпес көріністері берілген.
                1. Әрбір берілген нысанға әсер еткен үгілу түрлерін ата.

                2. Үгілу салдарынан бұл нысандардың көрінісі қалай өзгерді?
                3. Болашақта бұл нысандар қалай өзгеруі мүмкін?
                Жер бедері жазыңқы және таулы пішінді болады. Бұл жер
            бедерінің түрлері өзара тағы да бірнеше пішінге бөлінеді.
            Жер бедері тау, жазық, ойпат, таулы үстірт, төбе, аңғар, қыр-
            қа, жыра және т.б. болып келеді (2-сурет). Әрбір аймақтың
            бедері оның геологиялық құрылысына, ішкі және сыртқы
            күштердің біреуінің басым болуына байланысты қалыптаса-                   1-сурет. Үгілу түрлері



              28
   23   24   25   26   27   28   29   30   31   32   33