Page 27 -
P. 27
textbooks nis edu kz
Бізді қоршаған әлем, жер бедері әртүрлі. Бірінші кезекте
ол жер бетінде ұзақ уақыт бойы геологиялық әрекеттердің
жүруімен түсіндіріледі. Қазіргі кезде жер бедерінің өзгеруіне
әсер ететін жойқын қаупі бар әрекеттердің бірі ол – антро-
погендік фактор. Адам баласы соңғы уақытта пайдалы қазба-
ларды жер қойнауынан қазып алу нәтижесінде қалыптасқан
карьерлер шамамен 1,2 млн га жерді алып жатыр. Олар өз
кезегінде жер бетін бұрын-соңды болмаған қатты өзгерістерге
апарып соқтырды. Бұл карьерлерде жылына 300 млрд т-ға
дейін қалдықтар жиналып, орналасқан ауданның көрінісін
түбегейлі өзгертіп жіберді. 2-сурет. Шарын каньоны
Пайдалы қазбалар өндірісі – адам шаруашылық әрекетінің
бір түрі. Біз күнделікті пайдаланатын заттардың көбісі жер қыр-
тысынан қазылып алынған пайдалы қазбалардан жасалады.
Пайдалы қазбаларға деген сұраныс күн өткен сайын артып
келеді. Дегенмен, пайдалы қазбалар қайта қалпына келмейтін
шикізат болғандықтан, адам баласы оларды тек қажет кезінде
ғана өндіріп қазып алу барысында қазбалардың шығынын
азайту жолдарын қарастыруда. Пайдалы қазбалардың өндірілу
мөлшерін алдағы уақытта арттыруға емес, тиімді қолдануға мән
беру керектігі – экономикалық тұрғыда негізгі мәселелердің
бірі. Ал экологиялық тұрғыда пайдалы қазбаларға қатысты
3-сурет. Кракатау жанартауы
туындайтын мәселе пайдалы қазбаларды қазып алу, өндіру,
өңдеу және қалдықтарын игермеу салдарынан байқалады.
Пайдалы қазбаларды қазып алудың бірнеше жолы бар. Со-
ның ішінде пайдалы қазбалардың кен орындарын ашық әдіс-
пен игерген кезде шаруашылық салаларына пайдаланылатын
едәуір мөлшердегі жерлерді алуға тура келеді. Бұл жерлер
ашық кен жұмыстарын жүргізуге қажетті өнеркәсіптік, карь-
ерлер және үйінділер алаңдары, технологиялық жолдар және
қалдық қоймалары үшін пайдаланылады.
Мен зерттеушімін
1. 2-3-суреттерде көрсетілген жер бедері көріністерінің қалай 4-сурет. Чукикамата карьері
қалыптасқанын сипатта.
2. 4-суретте Чукикамата карьері (Чили) бейнеленген. Бұнда й
карьерлердің литосфера қабатына тигізетін салдарын бағала. Чукикамата карьері (Чили) –
Сенің кезегің Жер шарындағы ең ірі мыс
1. Не себепті жер бедері өзгеріске ұшырайды? кен орны. Адамның шаруа-
2. Жер бедері өзгерісінің салдары қандай? шылық іс-әрекетінің салдары-
3. Адам іс-әрекетінің салдарынан жер бедерінің өзгеруі неге бай- нан өзгерген жер бедерінің
көрінісі. Антропогендік фак-
ланысты?
тор – осы күндегі жер бедерін
4. Адам әрекетінен өзгерген жер беті көріністерін қайтадан қалпына өзгертуші басты күш.
келтіруге бола ма?
27

