Page 30 -
P. 30

textbooks nis edu kz
            3.1.3 Жер бедерін сипаттау



                Өткен сабақта жер бедерінің түрлерімен таныстың. Бүгінгі
            сабақта жер бедеріне жоспар бойынша сипаттама беруді                  Сен:
            үйренесің. Жер бедерін сипаттау жоспары (сурет) арқылы                ✔	 Жер бедерінің
            белгілі бір аумақтың жер бедерін талдауға болады. Мысал                  түрлерін жоспар
            ретінде еліміздің жер бедеріне жоспар бойынша сипаттама                  бойынша сипаттауды
                                                                                     білетін боласың.
            беріп көрейік (кесте).
                                                     1. Жер бедері
                                                     пішінін анықтау
                            7. Адам әрекетінен                                2. Аймақтың орташа
                            жер бедерінің                                     биіктігін анықтау
                            өзгерген аудандары





                   6. Жер бедерін                                                         3. Тектоникалық
                   қалыптастырушы                                                         құрылымын
                   сыртқы күштеріне                                                       анықтау
                   баға беру




                                                                          4. Жер қыртысының
                                                                          қозғалысын сипаттау
                              5. Пайдалы қазбалары

            Жер бедерін сипаттау жоспары

             Жер бедерінің           Қазақстан жерінің 1/3 бөлігін ойпаттар (Тұран, Каспий маңы), жартысынан
             пішіндері               астам бөлігін көтеріңкі жазықтар (Батыс Сібір, Шығыс Еуропа), үстірттер
                                     (Торғай, Жем) және ұсақ шоқылар (Сарыарқа) алып жатыр. Биік таулар ел
                                     аумағының 10%-ын құрайды (Алтай, Тянь-Шань, Сауыр, Тарбағатай).
             Орташа биіктігі         Ел аумағының көп бөлігін 300–350 м биіктіктегі қыратты жазықтар құрайды. Ең
                                     төмен жері: Қарақия ойысы – 132 м, ең биік нүктесі: Хан Тәңірі – 6995 м.
             Тектоникалық            Ежелгі Шығыс Еуропа платформасы, Тұран және Батыс Сібір жас тақталары,
             құрылымы                шығысын герцин және каледон қатпарлығы қамтиды.

             Жер қыртысының          Тянь-Шань тауларында жер сілкіністері жиі болады. 1887 жылы қазіргі Алматы
             қозғалысы               қаласында 7,3 баллдық жер сілкінісі болған. 1911 жылы болған Кемін жер
                                     сілкінісі Орта Азиядағы ең жойқын жер сілкінісі ретінде есептеледі (8,2 балл).
                                     орталықта – көмір, мыс; оңтүстікте – фосфорит, уран, түсті металдардың ірі
             Пайдалы қазбалары       Батыста – мұнай, газ; шығыста – полиметалл; солтүстікте – темір, боксит;

                                     қорлары шоғырланған.
             Сыртқы күштері          Елдің көп бөлігінің жазыңқы болуы желдің басым болуына жағдай туғызады.
                                     Таулы өзендердің көп болуы өзендер бойында тау жыныстарының шайылуына
                                     әкеледі.

             Адам әрекетінен өзгер- Қазақстан пайдалы қазбаларға өте бай. Сондықтан мұнда карьерлер мен
             ген жер бедерлері       террикондар қалдық ретінде сақталып, жер беті көрінісін өзгертеді.




              30
   25   26   27   28   29   30   31   32   33   34   35