Page 32 -
P. 32

textbooks nis edu kz
            3.1.4 Орографиялық бірліктерді салыстыру



                Орография – жер бедерінің пішіндерін сыртқы бейнесіне
            байланысты сипаттау.                                                  Сен:
                                                                                  ✔	 материктер мен
                Жалпы жер бедері – әртүрлі орографиялық бірліктердің
                                                                                     мұхиттарда орналасқан
            жиынтығы. Бізді қоршаған әлем көрінісі әртүрлі болғанымен,
                                                                                     ұқсас орографиялық
            кейбір жер бедерінің көріністері бір-біріне түрлі белгілері              бірліктерді салыстыруды
            бойынша ұқсас болып келеді. Мысалы, биіктігі, ені, ауданы,               білетін боласың.
            тау шыңдарының пішіндері бойынша. Орографиялық бірлік-
            терге, мысалы, тауларды жатқызуға болады. Таулар пішініне
            байланыс ты қатпарлы немесе жақпарлы, не қатпарлы-жақ-
            парлы болуы мүмкін. Қатпарлы таулар бірнеше қабаттан,
            ұзақ геологиялық өзгерістер нәтижесінде қалыптасады. Осы
            қатпарланған тау жыныстарының арасынан көптеген теңіз
            жануарларының тасқа айналған қаңқалары мен қалдықта-
            ры табылған. Бұл – таулардың орнын кезінде мұхиттар мен
            теңіздер алып жатқанының дәлелі. Су түбінде жиналған тау
            жыныстарының қабаттары орасан зор бүйірлік қысымның
            әсерінен қатпарланып, биікке көтеріліп, тау түзген. Бұл таулар
            пішіні өте күрделі бірнеше шыңымен көзге түседі. Қатпарлы
            тауларға Альпі, Кавказ, Кордильерді жатқызуға болады. Жақ-
            парлы таулар өз кезегінде жер қыртысында бір жақпарлы
            ауданының көтеріліп, бір бөлігінің төмендеуі нәтижесінде
            қалыптасады. Таудың көтерілген жері жотаға, ал төменде-
            ген тұсы тауаралық ойысқа айналады. Мұндай таулар пішіні
            бойынша аса күрделі емес. Мысалы, қатпарлы Аппалач тауы
            мен жақпарлы Пирин тауларын салыстырып көрейік.

             ?   1.  Дүниежүзінің физикалық картасынан Аппалач және Пирин таула-    1-сурет. Қатпарлы таулар
                рын тап.
                2. 2-3-суреттерде берілген тау шыңдарының пішіндерін өзара салыс-
                тыр. Қандай ұқсас белгілері бар? Айырмашылықтары бар ма?

              Мен зерттеушімін
              1.  Жер бедерінің пішінін сипаттауда оның орналасуы, биіктігі, ені,
                 тереңдігі, ұзындығы есепке алынады. Орографиялық бірліктерге

                 жазықтар, жоталар, қырқалар, төбелер мен таулар жатады. Мы-
                 салы, Альпі тауларын қарастырайық. 5-суретте Альпі тауларының
                 ғарыштан түсірілген кескіні берілген. Бұл жерде тау ұзындығы-
                 ның 1200 км, ал ең енді жерінің 260 км екенін көре аласың. Ал
                                                 2
                 тау жүйесінің ауданы 198 мың км -ді құрап отыр.Тау жүйесінің
                 физикалық картасында өзендермен қатты тілімденгенін көруге
                 болады. Сонымен қатар 3000 м биіктіктен бүкіл тау жүйесінде
                 нивальды (мұздық) белдеу алып жатыр. Тау жүйесінің ең биік
                 нүктесі – Монблан шыңының көрінісі мен ғарыштан түсірілген
                                                                                    2-сурет. Жақпарлы таулар



              32
   27   28   29   30   31   32   33   34   35   36   37