Page 66 -
P. 66

СЕН БҰЛ САБАҚТА:             3.4.1   Ноосфераның қалыптасуы
           ноосфераның қалыптасу
           шарттарын зерттейді.
                                           Жер ғаламшарындағы тіршіліктің дамуы бірнеше кезеңнен
                                       тұрады:
           ТІРЕК СӨЗДЕР:                   1-кезең – заттардың биологиялық айналымы түзіліп,

           ■   биосфера                биосфераның қалыптаса бастауы.
                      ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
                                           2-кезең – көпжасушалы ағзалардың пайда болуы, тіршіліктің
           ■   биологиялық қозғалыс
                                       күрделенуі.
           ■   биотехнология
                                           3-кезең – адам қоғамының пайда болуымен ерекшеленеді.
   Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
                                           4-жаңа кезең – бұл қазіргі деңгей, мұны ғылымда ноосфера
            Ноосфера қалай             кезеңі деп атайды.
            пайда болды?                   «Ноосфера» атауы грек тіліндегі «noos» – «сана», «ақыл-ой»
                                       және «spharia» – «шар» деген сөзден шыққан, демек, «ақыл-
                                       ой сферасы» дегенді білдіреді. Ноосфера ұғымын 1927 жылы
             Ноосфера (noosphere) –    француз ғалымдары Э. Лepya мен П. Тейяр де Шарден биосфера
             биосфераның  жаңа
             жағдайға  көшкен  дең-    дамуының қазіргі геологиялық кезеңіне қатысты енгізген.
             гейі, ақыл-ой сферасы.    Ғалымдардың ұғымы бойынша, ноосфера биосферадан да
                                       жоғары деңгейдегі, бүкіл ғаламшарды қамтитын Жер шарының
           Ноосфера        туралы      «ойлау қабығы».
           В.И. Вернадский ілімінің        1930–1940 жылдары В. И. Вернадский ноосфера туралы ілімді
           негізгі принциптері:        дамытып, тереңдетіп түсіндірді. Ол «ноосфераны – биосфера
           1.  Ноосфера – адам қыз-    эволюциясының жаңа сапалы деңгейі, биосфера мен адам
              метінің арқасында өз-
              геретін  биосфераның     қоғамының байланысында пайда болған» деп қорытынды
              соңғы  геологиялық       жасады. В. И. Вернадскийдің пікірі бойынша: «Ноосфера – табиғат
              қабықшасының тарихи      пен қоғам заңдылықтары өзара бірігіп әсер ететін біртұтас
              жағдайы.                 жоғары жүйе».
           2.  Ноосфера – ақыл мен         Биосфераның ноосфераға ұласуы кезінде бүкіл адамзат
              еңбек саласы.
           3.  Биосфераның  өзгеруі    бірігіп шешетін мәселелерге ерекше көңіл бөлу қажеттігін
              адамның  саналы  әрі     ғалым атап көрсетті. Ноосфера кезінде бүкіл адам баласының
              санадан тыс әрекетіне    ақыл-ойы, санасы, ғылымы және әлеуметтік еңбегі бір арнаға
              байланысты.              түсуі керек. Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасты
           4.  Ноосфераның өзгеруі     адамның саналы ақыл-ойы басқарған кезде ғана жеңіске жетеді
              әлеуметтік-экономи-
              калық  факторлардың      деп атап өткен. Ноосфера кезінде табиғат пен қоғам арасындағы
              дамуымен байланысты.     өзара байланыс айқын байқалады.
                                           Ноосфера – табиғат заңдылықтарының қоғамның ойлау

           ЗЕРТТЕ!  Геохронологи-      заңдарымен және әлеуметтік-экономикалық заңдылықтармен
           ялық шкаланы қолданып,      тығыз байланысып жататын біртұтастығын басқарушы жоғарғы
           ноосфераның  даму  та-      формасы. Ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды дамуы
           рихын зертте, нәтижелерін   бұрын игерілмеген жерлерді игеріп, бұрын пайдаланылмай
           графикалық түрде ұсын.
                                       келген табиғат байлықтарын пайдаға асырып қана қоймай,
                                       ғарыш кеңістігін, ғаламшарларды игеруге, ядролық қарулар
                                       жасауға мүмкіндік берді.



           66
   61   62   63   64   65   66   67   68   69   70   71