Page 193 -
P. 193
Экспериментті жүргізу
Оқу үдерісінде қалыптасқан барлық білім мен дағдыны еске түсіру.
• Зерттеу тақырыбы бойынша ақпараттар жинау.
• Мүмкіндігінше орташа мәнін шығару үшін бірнеше рет өлшеу.
• Дәл өлшеуді қамтамасыз ететін құрал-жабдықтарды қолдану.
• Жүргізілген зерттеулердің дәл екенін, заңдылықтан ауытқыған жағдайда әдісті өзгерту не нәтиже-
лерін қайта қарастыру.
• Таңдаған әдістің сенімділігін арттыру не күман туғызған нәтижелерді тексеру мақсатында зерттеу
жүргізу барысында алынған мәліметтерді талдау.
Мәліметтерді жазу
Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
Бақылау нәтижелерін кестеге жазу.
• Әр бағанға өлшеу бірлігін және белгісін жазу.
• Қолданылған теорияға сәйкес есептеулерді көрсету.
• Қолданылған аппаратураға және әдіске сәйкес өлшеудің дәл нәтижелері мен есептеулерді жазу.
• Сапалық және сандық мәліметтерді академиялық стильде ұсыну.
• Түсінікті мәліметтердің ұсынылғанына көз жеткізу.
Мысалы, натрий карбонатының суда ерігіштігін зерттеу кестесін мынадай түрде ұсынуға болады.
Су температурасы (°С) Еріген натрий карбонатының массасы (г)
0 7
10 12
20 ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
22
30 34
40 44
Мәліметтерді график және диаграмма түрінде ұсыну
График сызу:
• ордината осін және абсцисса осін бейнелеу. Өлшеу бірліктерін жазу.
• График масштабын қағаз мөлшеріне сәйкес таңдау.
• Графикке нүктелерді мұқият белгілеу (қалауы болса, өлшеу қатесін де бейнелеуге болады).
• Көрсетілген нүктелер бойынша басты сызықты сызу.
Мысалы, натрий карбонатының суда еру графигін сызу үшін:
• Ох осіне тәуелсіз айнымалы мәнін белгілеу, өлшеу бірлігін жазу;
• Оу осіне тәуелді айнымалы мәнін белгілеу, өлшеу бірлігін жазу;
• Ох осіне масштабқа сәйкес сандарды жазу;
• Оу осіне алынған эксперименттік мәліметтерді жазу.
Нүктелер мен қисық сызық үлгісі суретте көрсетілген. Алынған график түзу, қисық сызықты болуы
мүмкін. Бірақ зерттеуші график түзу сызықты болады деп шешім қабылдаған.
193

