Page 191 -
P. 191
Зерттеуді жоспарлау және жүргізу
Эксперименттік зерттеулер кезеңдері
1. Тақырыбын анықтау.
Кез келген тақырыпты, яғни нені зерттеу керектігінен анықтаудан бастау ұсынылады. Зерттеу үш жағ-
дайда жүргізіледі:
4. Эксперименттік құрал-жабдықтарды және экспериментті жүргізу жағдайын таңдау.А
1) құбылыстың жүру мүмкіндігі туралы гипотезаны тексеру;
2) құбылыстар арасында өзара байланыстың болуы туралы гипотезаны анықтау;
3) бірінші және екінші құбылыстың өзара байланысының себептері туралы гипотезаны зерттеу.
ЖОБАЛЫҚ НҰСҚ
2. Ғылыми әдебиеттермен жұмыс – теориялық шолу.
Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
3. Гипотезаны дәлелдеу және айнымалыларды анықтау.
5. Эксперименттік зерттеуді жоспарлау.
6. Экспериментті жүргізу. Мәліметтерді жазу.
7. Мәліметтерді өңдеу және талдау.
8. Эксперимент нәтижелерін бағалау.
9. Зерттеу жұмысы туралы есеп.
Зерттеу жұмысының негіздері
• Оқу үдерісінде орындалатын қысқамерзімді эксперимент.
• Ұзақмерзімді практикалық жұмыс.
• Мұғаліммен келісіп, таңдаған мәселе шеңберінде ұзақмерзімді зерттеу.
• Жаңа материалды, қосымша әдебиеттерді, ақпараттық технология әдістері мен басқа ресурстарды
талдау.
Қысқамерзімді зерттеулер оқып білетін тақырып бойынша зертханалық және практикалық жұмыс-
тарды орындау барысында жүзеге асырылады.
Ұзақмерзімді зерттеулер сабақтан тыс уақытта жүзеге асырылады, қосымша дайындықты қажет етеді.
Ғылыми-зерттеу жұмысы ақпарат іздеуге қажет ұзақ уақыт бойы орындалады. Мұндай жұмыстарды
бірнеше кезеңге бөлуге болады:
• Экспериментті жоспарлау.
• Әртүрлі ақпарат көздерін қолдану.
• Алынған материалдарды түсіну.
• Сәйкес ақпараттарды бағалау және анықтау.
• Мәліметтерді ауызша және жазбаша ұсыну.
Зерттеу міндеті. «Нақты не зерттеледі?», «Зерттеу тақырыбы қандай?» деген сұрақтарға жауап беру.
Теориялық шолу зерттеу тақырыбымен байланысты болуы керек. Негізгі түсініктердің анықтамасын
іздеу. Зерттеу тақырыбы бойынша библиография құрастыру.
Оқушылардың біліміне сүйеніп, тақырып бойынша зерттеу нәтижелерін болжау.
Эксперименттік құрал-жабдықтарды және экспериментті жүргізу жағдайын таңдау. «Зерттеуді қалай
дұрыс ұйымдастыру керек?» деген сұраққа жауап беру.
1. Тәуелсіз айнымалыны анықтау. Тәуелсіз айнымалы – тәуелді айнымалыға әсерді анықтау үшін
қолданылатын ғылыми эксперименттегі айнымалы.
2. Тәуелді айнымалыны анықтау. Тәуелді айнымалы – ғылыми эксперименттегі тәуелсіз айнымалы
өзгеруіне байланысты шама.
Мысалы, «Су температурасы натрий карбонатының ерігіштігіне қалай әсер етеді?» деген сұрақ бо-
йынша мүмкін айнымалыларды анықтау.
191

