Page 189 -
P. 189

6-ТАПСЫРМА. Топтық жұмыс.
               1.  «Семей полигоны» деген тақырыпқа синквейн құрастыр.
               2.  «Қазақстан атом өнеркәсібінің даму тарихы» деген тақырыпқа зи-
                  яткерлік карта құрастыр.
               3.  «Невада-Семей қозғалысы» деген тақырыпқа постер немесе та-
                  ныстырылым дайында.
           КҮРДЕЛІ ТАПСЫРМА. Фосфор изотопы биология мен медицинада кеңі-
                      ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
           нен қолданылады. Биолог ғалымдар «белгіленген» атомдар әдісін пайдала-
           нып, өсімдіктердің тыңайтқыштардағы қоректік заттарды сіңіру, сондай-ақ
           ағзадағы зат алмасу үдерісін зерттейді. Өсімдіктердің тамыр жүйелерінің
           қалай өсетінін бақылайды. Медицинада фосфор изотопы арқылы қан ау-
   Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
           руларының терапиясын жүргізеді.
              Ядролық  реакция  нәтижесінде  қандай  химиялық  элемент  ядросы
           түзілетінін  анықта.  Фосфордың  жартылай  ыдырау  периоды  14  тәулік
           құрайды. Бұл изотоптың ß-радиоактивті екені белгілі. Реакцияға қатыса-
           тын элемент ядроларының байланыс энергиясын бағала. Ядролық реак-
           ция теңдеуін жаз.

             СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР

             1.  Үкімет радиоактивті материалдарды пайдалануға қатысты қатаң
                 болуы тиіс па? Қалай ойлайсың? Неге?
             2.   Фондық радиация дегеніміз не? Әрбір фондық радиация көзіне
                 қандай құрамбөлік кіретінін түсіндір.
             3.  Қазақстан атом энергетикасы қандай даму кезеңінде тұр?
             4.  Қалай ойлайсың, Қазақстанда ядролық энергияны пайдаланбаса
                 болады ма?
             5.  Ядролық энергияны пайдалануға қатысты жағдайларды келтір.
             6.  Қалай ойлайсың, неге Қазақстан қару-жарақ жасау үшін ядролық
                 энергияны пайдаланудан бас тартты?






























                                                                                                        189
   184   185   186   187   188   189   190   191   192   193   194