Page 190 -
P. 190

Қорытынды


           1.  β-сәуле – бұл:
               a)  протондар ағыны;                   в) нейтрондар ағыны;
               ә)  электрондар ағыны;                 г)  фотондар ағыны.
               б)  гелий атомы  ядросының ағыны;
                                                    14
           2.  Берилий ядросындағы нейтрондар саны  C:
                                                     6
                      ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
               a) 5;      ә) 13;        б) 8;         в) 9;          г) 2.
           3.  Радиоактивтілік құбылысын кім ашты?
               a)  ағылшын химигі Ф. Содди;           в) француз зерттеушісі  А. Беккерель;
   Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
               ә)  поляк геохимигі Мария Кюри;        г)  америкалық биолог Т. Морган.
               б)  ағылшын физигі Э. Резерфорд;
           4.  Атом ядросының құрамына протоннан басқа не кіреді?
               a)  нейтрондар;                        в) электрондар;
               ә)  фотондар;                          г)  мезондар.
               б)  позитрондар;

           5.  Атом ядросының құрамына қандай бөлшектер кіреді?
               a)  протондар мен электрондар;         в) протондар мен нейтрондар;
               ә)  тек нейтрондар;                    г)  протондар, нейтрондар мен электрондар.
               б)  электрондар мен нейтрондар;
           6.  Қандай сәуленің үшеуінің (α-β-γ) өту қабілеті ең төмені:
               a)  α-сәуле;                           в) барлық үш сәуле затқа бірдей нашар өтеді;
               ә)  γ-  және β-сәуле;                  г)  β-сәуле.
               б)  γ-сәуле;
           7.  α-сәуле деген не:
               a)  протондар ағыны;                   в) электромагнитті сәуле;
               ә)  нейтрондар ағыны;                  г)  гелий атомы ядроларының ағыны.
               б)  электрондар ағыны;

           Сұрақтар мен тапсырмалар


           1.  XIX ғасырдың соңындағы қандай ашылу атом құрылысын зерттеуге себеп болды?
           2.  Радиоактивтілікті кім ашты? Бұл құбылыс қалай ашылды?
           3.  Радиоактивті сәулелердің типін ата және сипатта.
           4.  Резерфорд радиоактивті ыдырау кезінде бір химиялық элементтің атомдарынан  әртүрлі бөлшектер
               бөліп, өздігінен басқа химиялық элемент атомдары түзілетінін дәлелдеді. Уақыт бірлігінде радиоактивті
               ядролар санының өзгеру заңдылығы бар ма? Бар болған жағдайда осы заңдылықты ата.

           5.  Радиоактивті ыдырау кезінде атомның қай бөлігі өзгеріске ұшырайды?
           6.  Радиоактивтілік құбылысын сипатта.
           7.  Ядролық реакция деген қандай үдеріс?
           8.  α-, β- және γ-бөлшектерінің негізгі қасиеттері қандай?
           9.  α- және β-ыдырау қандай сәуленің типімен қатар жүреді?
           10. «Ядролық энергия – болашақ энергиясы». Осы тұжырымдаманы түсіндір. Бұл тұжырымдамамен
               келісесің бе?


           190
           190
   185   186   187   188   189   190   191   192   193   194   195