Page 188 -
P. 188
шықпай ұсталып қалған. Қызметкерлер де, халық та зардап
шекпеді.
Чернобыльде болған апаттың салдарынан мыңдаған
адам радиациядан психологиялық стресс алып, зардап шекті.
ЧАЭС-тің 4-блогының жарылысынан қоршаған ортаға шамамен
7,4 тонна радиоактивті қалдық түсті. Алғашқы аптада халыққа
сыртқы гамма сәлелер мен атмосферадағы иод-131 изотопы-
ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
ның болуы негізгі қауіпті туғызды.
5-ТАПСЫРМА. Берілген тірек сөйлемдерді пайдаланып, кестені дәптерге
Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
сызып алып толтыр.
▲ ЧАЭС-тегі Тірек сөйлемдер: радиоактивті ыдырау кезінде электрон түзіледі; аль-
зақымдалған реактор фа-ыдырау 2 протоны және 2 нейтроны бар бөлшектерді бөле жүреді;
гамма-ыдыраудың өту қабілеті ең төмені; иондаушы сәуледен қағаздың
көмегімен сақтануға болады; радиация – бұл өмірге қауіп төндіретін сәу-
ле; аса ауыр элементтердің жартылай ыдырау периоды қысқа болады.
Әрдайым Кейде Ешқашан
Семей ядролық полигоны бұрынғы КСРО-дағы ең ірі яд-
ролық полигондардың бірі болды. Полигон Шығыс Қазақстан,
Павлодар және Қарағанды облыстарының шегарасында орна-
2
ласқан. Полигон ауданы шамамен 18500 км . Кеңестер Одағын-
да ядролық қаруды алғаш рет сынау 1949 жылы 29 тамызда
жүзеге асырылды. ХХ ғасырдың 50-жылдарында полигонға
жақын Қазақстан өңірінің тұрғындары аспанннан алып ядро-
лық «саңырауқұлақтарды» бақылады. Ядролық қаруларды көп
жыл бойы сынау атмосфераға радиоактивті заттардың өте көп
мөлшерін шығаруға себеп болды. Жарылыстар қазіргі кезге
дейін радиоактивтілігін сақтаған көлдің түзілуіне апарып соқты.
Белгілі ақын Олжас Сүлейменов бастаған «Невада-Се-
мей» экологиялық қозғалысының қызметі полигонда сынақтар
өткізуге толық тыйым салуға септігін тигізді. Нәтижесінде 1991
жылы 29 тамызда Семей ядролық сынақ полигоны ҚазКСР
Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Сынақ полигонын жабу ту-
ралы» Жарлығымен жабылды. Қазақстан Президенті елімізде
ядролық сынақ жүргізуге мораторий жариялады. Қазіргі кезде
Қазақстан атомды тек бейбітшілік мақсатта пайдаланады.
188

