Page 21 -
P. 21
Негіздердің қолданылуы
Негіздер мен сілтілердің қолданылуы
Ca(OH) NH OH КОН
NaOH Mg(OH) 2 4
2 құрылыс (қабырғаны медицинада, тыңайтқыш
сабын қайнату, тісжуғыш паста,
сылау және тыңайтқыш өндіру, өндіру, алкалинді
ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
кулинарияда антацид заттар
ағарту), топырақ шыны жууға батарейкалар,
Е525, тыңайтқыш жасау
қышқылдылығын арналған зат, бояғыштар
өндіру
төмендету дақкетіргіш
Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР
1. Күкіртті қышқылдың литий гидроксидімен бейтараптау химиялық
реакциясының теңдеуін жаз.
2. Кальций гидроксидін алудың екі әдісін ұсын.
3. Барлық негіздің ортақ белгісі бар. Қандай?
4. Ұсынылған реакциялардың ішінен бейтараптау реакциясын таңдап,
аяқта:
А. HNO + Na СO →
3 2 3
Ә. H SO + KOН →
2 4
Б. H PO + Cu(OH) →
3 4 2
В. HCl + Fe(OH) →
2
Ұсынылған әрбір жағдайдың ішінен реакция өнімдерін ата.
5. Сөндірілген және сөндірілмеген әк топырақ қышқылдылығын бақы-
лау үшін қолданылады. Неге? Осы реакциялардың нәтижесінде
қандай өнім түзіледі?
6. Неге бейтараптау реакциясында ерітінді ортасы рН = 7-ге дейін
өзгеретінін түсіндір.
7. Алюминий гидроксидінің екідайлы қасиеттерін химиялық реакция
теңдеулерімен дәлелде.
8*. Аммиак газының суда еруі нәтижесінде жүретін реакция теңдеуін
жаз. Оны неліктен негіздерге жатқызатынын түсіндір.
9. Литий, темір (ІІ), темір (ІІІ) гидроксидтерінің типтерін анықта. Солар-
дың мысалында негіздердің әрбір типін дәлелдейтін химия реакция
теңдеулерін құрастыр.
▲ Негіздердің
қолданылуы
21

