Page 29 -
P. 29

СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР
             1.  Кальцийдің толық генетикалық қатарын көрсететін химиялық ре-
                 акция теңдеулерін таңда және жаз:
                 а)  CaO → Ca(OH)  → CaO;
                                 2
                 ә)  CaCl  → Ca → CaO → Ca(OH)  → CaCl ;
                        2                    2      2
                 б)  Ca → CaO → Ca(OH)  → Ca(NO ) ;
                                      2        3 2
                 в)  Ca(OH)  → CaO → Ca → CaS.
                      ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
                          2
             2.  Қандай химиялық элемент (литий, бериллий, бор, көміртек, азот
                 немесе оттек) үшін генетикалық қатар құрастыру мүмкін емес?
                 Жауабыңды түсіндір.
   Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
             3.  Сипаттамасы бойынша генетикалық қатар құрастыр. Осы қатардағы
                 барлық затты ата. Химиялық реакция теңдеуін құрастыр.
                 Ауада қызыл түсті ұнтақты жаққан кезде ашық сары түсті жалын
                 байқалады. Таза оттекте зат көз қаратпайтын ақ жалынмен жанады.
                 Жанған кезде ақ түсті ұнтақ түзіледі. Оны суда еріткен кезде ме-
                 тилоранж индикаторын қызыл түске өзгертеді. Металл натриймен
                 әрекеттескен кезде сутек газы бөлінеді.
             4.  Химиялық айналулар қатарын жүзеге асыр:
                                                 K [Zn(OH) ]
                                                  2       4
             Zn → ZnO → Zn(NO )  → Zn(OH)
                               3 2        2
                                                 ZnSO  → Zn(OH)  → ZnO → Zn
                                                      4         2
             5.  Генетикалық қатардағы белгісіз заттарды анықта:
                 N  – NO – X – HNO  – Y
                  2               3
             6.  Мыстың генетикалық қатарындағы қатені/қателерді тап:
                 Cu – CuO – Cu(OH)  – CuCl
                                  2     2
             7.  Реттік нөмірі 16 болатын химиялық элементтің генетикалық қатарын
                 құрастыр. Бұл қатардағы соңғы зат – калий сульфаты. Калий сульфа-
                 тын алудың барынша көп әдісін ұсын. Химиялық реакция теңдеуін
                 құрастырып, жүйелік номенклатура бойынша барлық затты ата.
                 Химиялық реакция типтерін анықта.


























                                                                                                         29
   24   25   26   27   28   29   30   31   32   33   34