Page 220 -
P. 220
Тарауды бекітуге арналған сұрақтар мен тапсырмалар
1. Ван Маанен (Ақ ергежейлі) жұлдызының көрінерлік шамасы 12,4. Ол алты айда өзінің орнын 0,47''
өзгертеді. Оған дейінгі арақашықтықты есепте (пк бойынша) және абсолют жұлдыздық шамасын
анықта.
2. Күннің көрінерлік жұлдыздық шамасы -26,7. Абсолют жұлдыздық шамасын анықта. 1 пк=206264 а.б.
ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
кВт
11
3. Күннен Жерге келетін сәуленің жарқырауы 1,4 . Күннен Жерге дейінгі қашықтықты 1,5 ∙ 10 м
м 2
деп алып, Күннің жарықтылығын анықта.
Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
4. Жұлдыздың абсолют шамасы: – 0,6. Күннің абсолют жұлдыздық шамасын біле отырып: +4,8, осы жұл-
дыздың Күнге қарағанда секундына бөлінетін энергиясы қанша екенін есепте (Күннің жарықтылығына
3-есептің жауабын пайдалан).
5. Өлшемдері шамамен Күннің өлшеміне жуық жұлдыздарды Герцшпрунг-Рассел диаграммасына сы-
зып, олардың дамуына сипаттама бер. Өлшемдері Күннен он есе артық болатын жұлдыздар болса,
сипаттамаң қалай өзгерер еді?
Қорытынды
• Параллакс – бір затқа жылжымайтын нүктеден қарап, одан соң басқа бір көру аясында екінші нүк-
теден қараған кездегі заттың жылжуы болып көрінетін құбылыс;
• Жылдық параллаксы бір бұрыштық секундқа тең болатын қашықтық парсек деп аталады;
a
• Жұлдызға дейінгі қашықтықты мына теңдеу арқылы анықтайды: D= ; мұндағы, D-жұлдызға
sinp
дейінгі қашықтық; a-Жерден Күнге дейінгі қашықтық немесе базис; p-параллакс бұрышы.
• 1 а.б. = 149,6 млн.км = 1,5 ∙ 10 м; 1 ж.ж. = 9,46 ∙ 10 м; 1 пк = 3,085678 ∙ 10 м.
11
16
15
• Жұлдыздардың көзге көрінерлік жарықтылығын санмен сипаттайтын шама көрінерлік жұлдыздық
шама деп аталады.
• Жұлдыздардың шын мәніндегі жарықтылығын анықтайтын шама абсолют жұлдыздық шама деп
аталады.
• Көрінерлік жұлдыздық шама, абсолют жұлдыздық шама және арақашықтық арасындағы байланыс-
d �
ты өрнектейтін теңдеу: m – M= 5lg
10
• Әрбір секундта жұлдыздан бөлінетін энергияның мөлшері болып табылатын немесе жұлдыздан
бөлінетін энергияның жалпы қуаты жұлдыздың жарықтылығы деп аталады.
4
• Жұлдыз жарықтылығын өрнектейтін теңдеу: L=4πR σT ; мұндағы, Т температура (Кельвин бойын-
2
Вт
-8
ша); σ – Больцман тұрақтысы, 5,67 ∙ 10 ; R- жұлдыздың радиусы.
2
м К 4
• Жұлдыздан шыққан энергияның бізге жететін нақты мөлшерін көрсететін шама жарқырау деп ата-
L
лады. Жарқыраудың жарықтылық пен арақашықтыққа тәуелділігін көрсететін теңдеу: B= 4πd 2 ;
мұндағы, B – жарқырау; L – жарықтылық; d – жұлдызға дейінгі арақашықтық.
�
2 B
• Жарқырау көрінерлік жұлдыздық шамамен мына тәуелділікте байланысады: m – m = – 2,5 lg 2
2 1 � B 1
• Жұлдыздарды түстеріне қарай спектрлік кластарға жіктейді: 0, B, A, F, G, K, M 1
• Ең ыстық және ақшыл көк түсті жұлдыздар O класына, салқын жұлдыздар, қызыл жұлдыздар
M класына жатады. Жұлдыздардың спектрлік кластары мен абсолют жұлдыздық шамасы арасын-
дағы байланысты көрсететін диаграмма Герцшпрунг-Рассел диаграммасы болып табылады.
220
220

