Page 100 -
P. 100

6.4  Cүйектің байланысу түрлері


            Адам жүгіргенде,
            аяқ киімінің               ТАПСЫРМА. Ұсынылған ақпаратты пайдаланып, сүйектердің байланысу
            бауын байлағанда           түрлерін анықта.
            дене мүшелерін
                    ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
            пайдаланады.
            Адамның саусақтары
            сағат жөндеу,
            телефон арқылы
            хат жазу сияқты
   Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
            ұсақ еңбек түрлерін
            жасауға қолайлы. Бұл
            мүшелер осындай
            қозғалыстарды
            атқаруға қалай
            бейімделген?

                                       ▲ Сүйектердің байланысуы
           ТІРЕК СӨЗДЕР:
                                       Сүйектің байланысуы
           ■  синовиалды буын
           ■  фиброзды байланыс            Адам ағзасындағы сүйектің бір-бірімен байланысуының
           ■  шеміршекті байланыс      3 түрі болады. Оларға сүйек талшықтары, шеміршек және
                                       синовиалды буын арқылы байланысу жатады.
            ЗЕРТТЕУ                        Коллаген талшығы түріндегі жіңішке дәнекер ұлпасы арқылы
            Адам  қаңқасындағы         байланыс қозғалмайтын сүйектердің арасында болады. Мыса-
            сүйектердің  арасын-       лы, ми сауытының сүйектері. Бастың ми сауытындағы самай,
            дағы  байланыстың          шүйде, төбе сүйектері қозғалмайтын байланыспен байланыса-
            қозғалғыштығын зерт-       ды. Себебі ми сауытының сүйектері бас сүйегінде орналасқан
            те. Әртүрлі сүйектердің    миды қорғайды. Сүйектердің  бұндай байланысын фиброзды
            арасындағы байланысқа
            назар аударып, ми са-      байланыс деп атайды. Қозғалмайтын байланыс жақ сүйегі мен
            уыты,  жамбас  және        тістер және шынтақ сүйегі мен кәрі жіліктің арасында кездеседі.
            иық  белдеуі,  омыртқа         Кейбір сүйектер шемір-
            жотасы, қабырға сүйек-     шек арқылы байланысады.
            терін қозғап көр. Сүйек-   Шеміршекке иілгіш қасиет
            терді байланыстыратын
            құрылымдарды салыс-        тән  болғандықтан  сүйек-
            тыр. Сүйектердің бар-      тердің жартылай қозғалуы-
            лығы қозғалмалы бай-       на жағдай жасайды. Мыса-
            ланыспен байланысқан       лы, омыртқа жотасындағы
            ба?  Сүйектердің  ара-     омыртқа сүйектері, қабырға
            сындағы байланыстың
            қозғалғыштығының           мен төс сүйегі. Осындай бай-
            әртүрлі болу себептерін    ланыстың арқасында кеуде
            түсіндір.                  қуысы кеңейіп, тыныс алу
                                       мүмкін болады. Омыртқа-
                                       лардың арасындағы шемір-
                                                                         ▲ Сүйектің байланысу түрлері

           100
   95   96   97   98   99   100   101   102   103   104   105