Page 149 -
P. 149

9.5  Жыныстық жолмен берілетін

                    инфекциялар және олардың

                    алдын алу жолдары.



                                                                                    берілетін инфекциялар
           Жыныстық жолмен берілетін инфекциялар                                    Жыныстық жолмен
                                                                                    (ЖЖБИ) қаншалықты
                    ЖОБАЛЫҚ НҰСҚ
               Жыныстық жолмен берілетін инфекциялар жыныстық қа-                  ТІРЕК СӨЗДЕР: А
                                                                                    тез таралады?
           тынас кезінде бір адамнан екіншісіне өтеді. ЖЖБИ-ға себеп
           болатын 30-дан астам түрлі патогендер бар. Оларға Chlamydia
   Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
           сияқты бактериялар және АИТВ сияқты вирустар жатады.
           ЖЖБИ-ны жұқтырып алмау немесе бұл инфекциялардың тара-                  ■  ЖИТС
           луын төмендету үшін адамдар кездейсоқ жыныстық қатынастан               ■  мерез
           бас тартқаны немесе мүше қап сияқты қорғайтын контрацепция
                                                                                   ■  гонорея
           әдісін қолданғаны дұрыс.
                                                                                   ■  гепатит В, С
           Жұқтырылған иммун
           тапшылығының синдромы
               АИТВ – адамның иммун тапшылығы вирусы, ЖИТС қоздыр-
           ғышы болып табылады. Бұл инфекция дене сұйықтарымен,
                                                                                    СЕН БІЛЕСІҢ БЕ?
           жыныстық қатынас кезінде, жұқтырылған қанды құю, жұқты-
           рылған инемен инъекция жасау, түрлі кесінділер мен ашық                 25-тен астам инфекция жы-
           жарақаттар арқылы беріледі.                                             ныстық жолмен беріледі.
               Белгілері: АИТВ адамның иммундық жүйесінің лимфоцит-
           теріне шабуыл жасайды. Вирусты жұқтырған адамда бастапқы
           уақыттарда әдетте тұмаудың белгілері болады. Ол ұзақ уақытқа
           дейін инфекцияны жұқтырғанын білмей жүре беруі мүмкін,
           себебі вирус шамамен 3-6 аптаға созылатын инкубациялық
           кезеңге ие. Уақыт өте келе вирус белсенді болып адамның
           иммундық жүйесіне шабуыл жасайды, осы кезде адамда ЖИТС
           пайда болады. Иммундық тапшылыққа ұшыраған адам жиі
           сырқаттанып, кез келген аурудың нәтижесі өліммен аяқталады.
               Алдын алу шаралары: Аурудың таралуын шектеу үшін жы-
           ныстық қатынас кезінде мүше қап қолдану, жұқтырылған қан-
           мен контакт болатын болса, бір рет қолданылатын қолғап пен
           стерилді медициналық құрал-жабдықтар қолдану.
               Гонорея, қоздырғышы Neisseria gonorrhoeae, гонококк бак-
           териясы. Жастар арасында жиі кездесетін ЖЖБИ. Әйелдердің
           жыныс жүйесінің құрылысына байланысты жұқтыру дәрежесі
           ерлерге қарағанда жоғары.
               Белгілері: Гонорея жұқтырған адамда зәр шығару кезінде
           ауырсыну мен жыныс мүшелерінен іріңнің ағуы байқалады.
           Егер инфекция емделмесе бедеулікке себеп болуы, инфекция
           басқа мүшелер мен жүйелерге тарап кетуі мүмкін.

                                                                                                        149
   144   145   146   147   148   149   150   151   152   153   154