Page 150 -
P. 150
1-ТАЛҚЫЛАУ. ЖИТС- Алдын алу шаралары: кездейсоқ жыныстық қатынастардан
тан басқа емі жоқ қандай бас тарту; қатынас кезінде мүше қап қолдану.
ЖЖБИ бар? Тарихи деректерге сүйенетін болсақ, мерез – Treponema
pallidum бактериясы арқылы жыныстық жолмен берілетін ең
көне инфекция. Мерез адамнан адамға, көбінесе жыныс жо-
2-ТАЛҚЫЛАУ. АИТВ им- лымен, сонымен бірге анадан балаға (жүктілік немесе туылу
қан айналым және жүйке жүйесін зақымдайды.ҚА
мундық жүйеге қалай әсер кезінде), өте сирек болса да тұрмыстық жолмен де жұғуы мүмкін.
етеді? Белгілері: қоздырғыштың денеге жұқтырылған жерінде асты
жағы тығыз жара пайда болады, оның айналасындағы лимфа
түйіндері қабынуы мүмкін, сол уақытта әлсіреу, бас ауруы,
ЖОБАЛЫҚ НҰС
Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
қалтырау байқалады. Егер уақытында дұрыс диагноз қойылмай
ауру емделмесе, уақыт өте келе жаралар бүкіл денеге таралып,
ішкі мүшелерге шығып, қоздырғыш шеміршек, сүйек, бауыр,
Алдын алу шаралары: кездейсоқ жыныстық қатынастардан
бас тарту, қатынас кезінде мүше қап қолдану.
В және С гепатиті вирустары бауыр жасушаларын зақымдап,
аурудың асқынуына, бауыр циррозі, тіпті өлімге де себеп бо-
луы мүмкін.
Гепатит В вирусы қан, шәует пен қынаптық сұйықтық арқылы,
анадан балаға жүктілік кезінде немесе босану барысында жұғуы
мүмкін. Гепатит С вирусы қан мен қан контактілерімен жұға-
ды. Стерильді емес медициналық құралдар пайдалану және
жыныстық қатынас арқылы да жұғады.
Белгілері: шаршағандық; буын мен бұлшық еттің ауырсы-
нуы; тәбеттің болмауы; жүрек айнуы мен құсу; терінің қышуы;
дене қызуының көтерілуі; зәр түсінің қоңырлануы; нәжістің
түссізденуі; оң жақ қабырға астының ауырсынуы. Гепатит С
вирусын жұқтырған науқастарда дене қызуының көтерілуі
сирек кездеседі, дене сарғаюы да тән емес.
Алдын алу шаралары: гепатит В вирусына қарсы медицина-
лық мекемелерде вакциналау іс-шаралары жүргізіледі. Гепатит
С-ге қарсы вакцина жоқ және вирусқа қарсы иммунитет қалып-
таспайды, сондықтан С гепатитіне шалдыққан адам қайтадан
науқастануы мүмкін. В және С гепатитін алдын алу үшін кез кел-
ген жарақаттанған жерді зарарсыздандыру керек. Жыныстық
қатынас кезінде мүше қап қолдану қажет. Бөгде адамдардың
ұстара, тіс тазартқыш пен тіс шөткілерін қолданбау керек.
ӨЗІҢДІ ТЕКСЕР
1. АИТВ мен ЖИТС арасындағы айырмашылық қандай?
2. Гонореяның алғашқы белгілері қандай?
3. Мерездің алдын алу үшін не істеу қажет?
4. Гепатитті емдеудің қандай жолдары бар?
150

