Page 169 -
P. 169
Мендель зерттеулерінің маңызы Гендердің хромосомада
орналасуы
Мендель ген туралы білмеген, бірақ ата-анадан берілетін
әрбір элементтің екі факторы болатынын, ол факторлар екі
ата-анадан бір-бірден ұрпағына берілетінін болжаған. Мендель
зерттеулерінің ерекшелігі ол – ДНҚ мен хромосома туралы
ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
ғылыми деректер ашылмай тұрып белгілердің ата-аналарынан
ұрпақтарына тұқым қуалау заңдылықтарын анықтады. Өз за-
манында Мендель зерттеулері бағаланбады. Кейіннен 1900
жылы әлемнің үш елінде бір-біріне тәуелсіз үш ғалымның осы
Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
зерттеуді қайталауы нәтижесінде Мендель ашқан заңдылықтар
генетика ғылымының негізін қалауға мүмкіндік берді. Генети-
ка – тұқымқуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін ғылым.
Ғалымдар ДНҚ мен хромосома, ген туралы белгілі болғаннан
кейін ғана «тұқым қуалайтын факторлардың» қалай ата-ана- ▲ Жұп хромосома
дан ұрпағына берілетінін түсіндіруге мүмкіндік алды. «Тұқым
қуалайтын факторлар» – бұл ген екендігі анықталды. Ген – хро-
мосоманың (ДНҚ) белгілі бір үлескісінде орналасқан тұқымқу- 2-ТАЛҚЫЛАУ. Адамдар
алаушылықтың құрылымдық және қызметтік өлшем бірлігі. асыл тұқымды күшік
Ген нәруызды кодтайды. Нәруыз – ағзалардағы белгілер мен таңдағанда оның ата-
қасиеттердің негізі. анасының сыртқы пішіні
мен мінез-құлқы және
басқа да қасиеттерін білу-
ӨЗІҢДІ ТЕКСЕР ге тырысады. Себебі неде
деп ойлайсың?
1. Мендель неліктен зерттеу үшін асбұршақты таңдады және қандай
белгілерді зерттеді?
2. Мендель зерттеулерінің маңызы неде? СЕН БІЛЕСІҢ БЕ?
3. Мендель зерттеулері өз замандастарының арасында неліктен баға-
ланбады? Мендельдің генетикалық
4. Ген дегеніміз не? заңдылықтары ХХ ғасыр-
5. Гибридологиялық әдістің ерекшелігі неде? да биоинформатика және
6 Мендель зерттеулері қандай жаңалықтардың ашылуына негіз бол- эволюциялық генети-
ды? каның дамуына ұласты.
Сонымен қатар көптеген
жаңалықтардың ашылуы-
КҮРДЕЛІ ТАПСЫРМА. Ағзалардағы тұқымқуалаушылық белгілердің ұр- на жол ашты. Генетика жа-
пақтан-ұрпаққа тасымалдануы қалай жүзеге асатыны туралы ойлар көпте- ратылыстану ғылымдары-
ген ғалымдарды ойландырды. Белгілердің тұқым қуалауы туралы бірқатар ның арасында ең жаңашыл
зерттеулерді әртүрлі ғалымдар сол заманда жүргізіп отырды. Бірақ олар мамандардың шығуына
сәтсіз болып, нәтиже бермеді. Олай болса, Мендель зерттеулерінің басқа әсер етті. Сондықтан ХХІ
ғалымдардан артықшылығы неде?
ғасыр Мендель ғасыры
деп те аталады.
169

