Page 82 -
P. 82

5.7  Иммунитет. Гуморальдық және

                                                жасушалық иммунитет


            Гепатит вирусы
            адамның бауыр
                    ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
            жасушаларын                Иммундық жүйе мүшелері
            зақымдайды. Дегенмен           Жілік майы мен тимус – иммундық жүйенің орталық мү-
            адам гепатитпен
            бір рет ауырғаннан         шелері. Оларда иммундық жүйе жасушалары – лимфоциттер
            кейін екінші рет бұл       түзіледі және қалыптасады. Иммундық жүйенің шеткі мүше-
   Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
            аурумен ауырмауының        лерін лимфа түйіндері, лимфа өзектері, көкбауыр мен бадамша
            себебі неде?               бездері түзеді.

                                       Иммундық жүйе ағзаға енген
           ТІРЕК СӨЗДЕР:
                                       патогендерді қалай анықтайды?
           ■  жасушалық және
             гуморальдық                   Патогендер ағзаға тері, жарақат және дененің шырышты
             иммунитет                 қабаттары (көз, мұрын қуысы, жыныс мүшелері) арқылы енеді.
                                       Оларға қарсы ағза иммундық жүйедегі лимфоциттердің қаты-
           ■  антиденелердің
             арнайылығы                суымен жауап қайтарады. Лимфоциттер ағзадағы барлық жасу-
                                       шаларды сыртқы мембранасында арнайы рецептордың көме-
           ■  жады жасушалары
                                       гімен «бөтен» және ағзаның «өзінің» жасушалары деп анықтай
           ■  плазмалық жасушалар
                                       алады. Бактерияларды олардың  жасуша мембранасындағы
           ■  супрессорлар
                                       арнайы молекулалары – антигендері бойынша анықтайды.
                                       Антиген – жануар ағзасында антидененің түзілуіне әсер ететін
                                       молекула. Сүтқоректі жануарларда Т-лимфоциттер және В-лим-
                                       фоциттер арқылы арнайы қорғаныш механизмдері іске
                                       қосылады. Т-лимфоциттер нақты патогеннің жасушаларын
                                       таниды, кейін белсенсіздендіреді. Т-лимфоциттің жасушасы
                                       антигендерді, вирус зақымдаған ағзаның жасушаларын  фа-
                                       гоцитоз жолымен жояды. Бұл жасушалық иммундық жауап
                                       немесе жасушалық иммунитет деп аталады.  В-лимфоциттер
                                       антиденелер мен жады жасушаларын түзеді. В-лимфоциттер
                                       қанға бөлетін антиденелер антигендердің рецепторларына
                                       бекініп, оларды бейтараптайды. Қоздырғыштың бір түріне
                                       арнайы антидене түзіледі. Иммундық жауаптың бұл түрі гумо-
                                       ральдық деп аталады. Иммундық жауап реакциялары ағзаның
           ▲   Патоген жасушасы
                                       иммунитетін қалыптастырады.

                                       1-ТАПСЫРМА. Ағзаға енген микроағазалар токсиндер бөледі, ал вирустар
           1-ТАЛҚЫЛАУ. Медици-         жасушалардың ішіне еніп кетеді. Әрбір патоген ағзаның жасуша мембра-
           нада ауру адамға донор-     насында нәруыздар мен күрделі көмірсулардан түзілген антигендердің өте
           дың жілік майын, терісін    көп түрлері болады. Ұсынылған патогеннің мембранасындағы антигендерге
           трансплантациялау  ота-     сәйкес келетін антиденелердің түрлерін ұсын.
           лары сәтті бола бермейді.
           Осының себебі қандай?

           82
   77   78   79   80   81   82   83   84   85   86   87