Page 90 -
P. 90
Биология біздің өмірімізде
Өсімдіктердің иммунитетін нығайтуға бола ма?
Өсімдіктерде вирустар, бактериялар, саңырауқұлақтар тудыратын
жұқпалы ауруларға қарсы иммунитет қалыптасады. Топыраққа кремний
ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
микроэлементін қосу арқылы да өсімдіктердің иммунитеттерін нығай-
туға болады. Кремний өсімдікті табиғи биологиялық стрестерден (зиян-
кес бунақденелілер, жұқпа, химиялық ластану, аңызақ жел) қорғануын
күшейтеді. Табиғатта кварц, дала шпаты, алюсиликат минералдарының
құрамында 40% кремний кездеседі. Бірақ өсімдіктер монокремний қо-
Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
сылысы (диатомит жынысы) түрінде сіңіреді. Кремнийді өсімдіктер та-
мыры (1– 5%) мен жапырақтары (30–40%) арқылы сіңіреді. Кремний
жапырақтың эпидермисі мен сірқабығы арасында, өткізгіш ұлпаларда,
тамырда, тұқым қауызында жинақталады. Стреске ұшыраған мүшеде 4-5
сағат аралығында кремнийдің мөлшері 50–100% артады. Иммунитеті кө-
терілген өсімдіктің белгілері: эпидермис қабаты мықты болады; тамыры
жақсы жетіледі, топырақтан қоректік заттарды жақсы сіңіреді; антиокси-
данттарды түзеді.
Қаракүйе паразит саңырауқұлағы жеміс-жидектерді, бақтағы жеміс ағаштарын, егістік дақылдарды,
олардың тұқымдарын зақымдап, үлкен зиян келтіреді. Олар топырақта және жапырақтарда қыстайды.
Саңырауқұлақ бір өсімдіктен екінші өсімдікке тез жұғады. Саңырақұлақ жапырақты зақымдағанда оның
о
үстінде қара түсті споралар түзеді. Споралары жел арқылы таралады және 24 С температурада жақсы
дамиды. Жұқпа жұқтырғаннан 3-10 күн өткесін аурудың белгілері байқалады. Споралар әрбір 3 апта
сайын түзіледі. Спора жапырақтың ішіне еніп, органикалық заттарды сіңіреді, мезофилл жасушалары-
ның мембранасын бұзады. Зақымданған жапырақта фотосинтездің жүруі төмендейді, өсімдіктің өсуіне
және жеміс түзуіне органикалық заттар жетіспейді.
Кремний тыңайтқышының өсімдіктердің иммунитетін көтеруге әсерін зерттеу.
1. Ғылыми және ғылыми-көпшілікке арналған әдебиеттерге шолу жаса.
2. Бөлме өсімдіктерінің (пияздың пиязшығын, бидайдың, жасымықтың тұқымдарын отырғызуға
болады) бірдей екі данасын таңдап ал. Бірінші өсімдік бақыланатын, ал екінші өсімдік – тәжірибелік бо-
лады.
3. Топыраққа енгізілетін паразит саңырауқұлақтың спораларын алу үшін қаракүйе саңырау-
құлағымен зақымданған жеміс-жидектерді таңдап ал. Топыраққа бірдей мөлшерде спораларды шашып,
араластыр.
4. Тәжірибелік ыдыстағы топыраққа сұйық кремний тыңайтқышын (Микровит-6 Кремний) қорек-
тендіру үшін ұсыныс кестесіне сәйкес құйып отыр. Жапырағына тыңайтқышты бүркігіш арқылы шашу
қажет.
5. Зерттеуге қажетті өзгерістерді бақылау күнделігіне жазып жүр.
6. Эксперимент нәтижесін қорытындылап, ұсыныстар жаса.
Егістіктерде топырақтағы кремнийдің мөлшері жыл сайын азаю үстінде. Ауыл шаруашылығы өсімдік-
тері жылына 700 кг/га-ға дейін кремнийді топырақтан сіңіреді. Егістіктерде кремнийдің орны қайтып
толықтырылмайды. Бұл өсімдіктер иммунитетінің нашарлауының бір себебі болуы мүмкін. Топырақ
құрамында кремний мөлшерін арттыру үшін қандай экологиялық таза әдіс ұсынар едің?
90

