Page 104 -
P. 104

Табиғи ресурстардың жіктелуі








                 Бұл сабақта:                       Дүниежүзіндегі халық саны қарқынды өсіп келеді, соған бай-

                 ✔    табиғи ресурстарды        ланысты табиғи ресурстарға деген сұраныс артуда. Дүниежүзіндегі
                    жіктеуді;                   ең бай елдер ең үлкен сұранысқа ие. Бай мемлекеттер дүниежүзі
                   textbooks nis edu kz
                                                халқының 25%-ын қамтиды, алайда олар табиғи ресурстардың
                  ✔  географиялық               75%-ын тұтынады. Кеме мен көлік жасаудан бастап, теледидар мен
                    дереккөздермен              компьютер жасауға дейін қолданылады. Мұнай мен көмір сияқты
                    (карта, сурет, мәтін,       ресурстар индустрияға қажетті энергия алуға және көліктерге жа-
                    фотосуреттер,               нармай ретінде қолданылады. Егер ресурстарды тұтыну дәл осы
                    графикалық                  қарқында жалғаса берсе, ол ресурстар сарқылып қалуы мүмкін. А
                    материалдар) жұмыс          графигінде түрлі  түсті бағандар арқылы дүниежүзіндегі маңызды
                    істеуді үйренетін           8 ресурстың қанша уақыттан кейін сарқылатыны көрсетілген. Сол
                    боласың.
                                                графиктің боялмаған бағанында, алдыңғы ресурстарды сақтауға
                                                тырыссақ, қанша уақытқа жететіні көрсетілген.



                                         А
                                               Титан нитриді
                                               Мырыш                          Ресурстың        Біз ресурсты
                                                                              қанша мерзімге
                                                                                               сақтауға тырыссақ,
                                                 Мыс                          жететіндігі      қанша уақытқа
                                                   Алюминий                                    жетеді?
                                                                      Темір
                                                  Мұнай
                                                 Табиғи газ
                                                                                                Көмір
                                         0   20   40   60  80  100  120  140  160  180  200  220  240  260
                                                                       Жылдар




                                    Адам табиғи ресурстарды пайдалана отырып, пайдалы ресурс тарды зерттеп те
                                отырады. Қазіргі кезде кеңінен қолданылатын табиғи ресурстар қолданылуына және
                                сарқылуына байланысты жіктеледі. Қолданылу саласына байланысты ресурстар
                                өнеркәсіптік, энергетикалық (жанатын ресурстар, гидроэнергетикалық ресурстар,
                                биожанармай және ядролық шикізат), энергетикалық емес ресурстар (минералды, су,
                                жер, орман, балық ресурстары), ауылшаруашылық (агроклиматтық, топырақ, өсімдік),
                                сауықтыру (рекреациялық), эстетикалық ресурстар деп бөлінеді. Табиғи ресурстарды
                                сарқылуына байланысты сарқылмайтын және сарқылатын деп жіктейді. Сарқылмайтын
                                қорлар адам баласына тәуелсіз болып келеді.
















        104
   99   100   101   102   103   104   105   106   107   108   109