Page 99 -
P. 99

География

             A










                   textbooks nis edu kz

                 Христиан
                 Ислам
                 Индуизм
                 Буддизм
                 Иудаизм
                 Халық дінін ұстанатындар
                 Діндері жоқ
                                                                                         Дүниежүзі діндер картасы


            мен еврей қауымдастығы бар аймақтармен шектеледі. Сонымен қатар Солтүстік Америкада да көптеп
            таралған.
                Шығыс Азия халықтарына тән даосизм, синтоизм және конфуцийлік ұлттық діни ағымдары филосо-
            фиялық қағидалары жеке ұлттардың өзіндік ерекшеліктеріне негізделген. Көп ұстанушылар – Жапония
            және Қытай елдерінде. Бұл дін өкілдері шамамен 3 миллион.


                Дәстүрлі діндер
                Дәстүрлі діндер алғашқы адамдардың наным-сенімдерімен байланысты кейбір аймақтарда сақталып
            қалған. Оларға анемизм, тотемизм, шаманизм және фетишизм сияқты наным-сенімдерді жатқызады.


                Тотемизм
                Аустралия аборигендерінде толық сақталған. Белгілі бір жануар не өсімдік түрлері, немесе басқа
            да заттар мен табиғат құбылыстарымен аборигендер арасында тығыз байланыс бар екендігіне сену.
            Егер тайпаның, рудың тотемі құзғын болса, онда олардың арғы ата-бабасы құзғыннан жаратылған,
            сондықтан әрбір құзғын – олардың туыстары. Әлемдік діндер шықпаған кезде немесе христиан, ис-
            лам діндері жетпеген жерлердегі халықтардың ежелден сүйектеріне сіңген наным-сенімдері осындай
            болды. Қазіргі кездің өзінде Аустралияда тотемизм кең таралған. Оның іздерін Солтүстік және Оңтүстік
            Америкада, Африкада, Үндістанның ариялық емес халықтарында, Мысыр, Грекия мен Рим, тіпті өрке-
            ниетті халықтардың наным-сенімдерінен кездестіруге болады.



                  СЕНІҢ КЕЗЕГІҢ!

              1.  Әлемдік діндерге қандай діндер жатады?

              2.  А картасын пайдаланып, дәстүрлі және ұлттық діндер қай аймақтарда таралғанын анықта.
              3.  Неліктен кейбір діндер әлемдік діндерге айналды?
              4.  Иудаизм, индуизм, даосизм, синтоизм және конфуцийлік діни ағымдар неліктен Еуразия құрлығында
                 көп таралған?
              5.  Әлемдік және ұлттық діндердің айырмашылығы мен ұқсастықтары қандай?



                                                                                                                 99
   94   95   96   97   98   99   100   101   102   103   104