Page 105 -
P. 105

География

                                                        ТАБИҒИ РЕСУРСТАР



                             САРҚЫЛАТЫН                                              САРҚЫЛМАЙТЫН



               ҚАЛПЫНА                     ҚАЛПЫНА                                 БАЛАМАЛЫ ЭНЕРГИЯ
                 КЕЛЕТІН                   КЕЛМЕЙТІН                                КӨЗДЕРІ: КҮН, ЖЕЛ,
                   textbooks nis edu kz
                                                                                    СУ, ТОЛЫСУ ҚАЙТУ,
                                                                                     БИОЭНЕРГЕТИКА,
                ТОПЫРАҚ,                  МИНЕРАЛДЫ                                ГЕОТЕРМАЛЬДЫ, АУА
                ӨСІМДІК,               РЕСУРСТАР:  КӨМІР,                              РЕСУРСТАРЫ
                ЖАНУАР,                   МҰНАЙ, ГАЗ,
                 АУЫЗ СУ                  АЛЮМИНИЙ,
                                        МЫС, ФОСФОРИТ,
                                         АЛТЫН, КҮМІС
                                           ЖӘНЕ Т.Б.




             Ә.Табиғи ресурстардың жіктелуі




                Сарқылуына байланысты табиғи ресурстардың жіктелуінде кейбір табиғи ре-
            сурстарды екі топқа бірдей жатқызуға болады. Мысалы, су ресурсы, бір жағынан,
            ғаламшарымызда ешқашан тау сылмайтын сияқты, екінші жағынан, адамға маңызы зор
            ауыз су қазірдің өзінде азаюда. Сол сияқты, ауа сарқылмайтын ресурс бола отыра,
            таза ауа күннен-күнге азайып барады. Бұл жерде аталған ресурстардың жіктелуінде
            сандық және сапалық көрсеткіштері қолданылады. Сапа жағынан ауыз су мен таза
            ауа сарқылатын, қалпына келетін ресурс болса, сандық жағынан олар сарқылмайтын
            ресурстарға жатқызылады.



                 СЕНІҢ КЕЗЕГІҢ!

              1.  Мәтінді оқып, табиғи ресурстардың жіктелу түрлерін анықта.

              2.  Сарқылуына байланысты табиғи ресурстардың жіктелуін талдап, неліктен кейбір ресурстар екі топқа
                 жатқызылуы мүмкін екенін зерделе.
              3.  Табиғи ресурстың әр түріне зерттеу жаса және әрқайсысының маңыздылығын 5 сөйлеммен түсіндір.

              4.  А диаграммасына мұқият қара.
                 4.1.  Берілген ресурстардың қайсысы:

                    а) 20 жыл ішінде;
                    ә) 30 жыл ішінде сарқылуы мүмкін?
                 4.2.  Сенің ойыңша мұнай, газ және көмірді ұзақ қолдану үшін не істеуге болады?
              5.  «Егер ауыз су ресурсы таусылса, біздің өміріміз қандай болады?» тақырыбына эссе жаз.












                                                                                                                105
   100   101   102   103   104   105   106   107   108   109   110