Page 107 -
P. 107
Жер ресурстары (100%) Африка аумағының География
Ауылшаруашылық Ормандар Тұрғылықты Жарамсыз және 44%-ы шөлдерге, 27%-ы
жерлер – 33% – 32% жерлер және аз жарамды жайылымдарға тиесілі.
• Егістіктер – 10 % жолдар – 3% жерлер – 28 %
• Жайылымдар – • Шөлдер
23% • Мұздықтар
• Батпақ Латын Америкасында
жайылымдар 26%,
textbooks nis edu kz
өнделетін жерлер 7%,
Ел ау- Ел ау-
Егістік Егістік
Мемле- жері мағын- Мемле- жері мағын- аумағының жартысынан
кет аты дағы кет аты дағы
(млн га) (млн га) астамын ормандар алып
үлесі, % үлесі, %
отыр. Осында жыл сайын
АҚШ 177 18,5 Ресей 120,9 7,5
ормандар үлесі азайып,
Үндістан 166,1 5,9 Канада 45,6 4,9
өнделетін жерлер үлесі
Қытай 124 12 Бразилия 43,2 5,1
ұлғаяды.
Жер бетіндегі ірі мемлекеттердегі егістік жерлерінің таралуы
Орман ресурстары Жер бетінің шамамен 30% аумағын (4 млрд га) Б
алады. Жердегі ормандарды негізгі 2 белдеуге бөлуге болады: сол-
түстік (қылқанжапырақты) және оңтүстік (жалпақжа пырақты) белдеу-
лер. Соңғы жылдары қышқыл жаңбыр әсерінен 30 млн га аумақтағы
ормандар бұзылуда. Орман ресурстарының азаюы жылдан-жылға
ұлғаюда. Жер бетіндегі орман ресурстарымен қамтамасыз етілген
елдер (га/адам): Еуропа 0,3, Азия 0,2, Африка 1,3, Солтүстік Америка
2,5, Латын Америкасы 2,2, ТМД елдері 3.
Су ресурстары ең маңызды ресурс болып табылады. Ішуге В
жарамды тұщы су көлемі өте аз. Ол жалпы су қорының 0,6%-ын
ғана құрайды. Бүгінде, жыл сайын орта есеппен әр адамға 650 м
3
су шығындалады. Судың шығындалуы ауыл шаруашылығына – 67%,
өнеркәсіп сұранысына – 21%, қалғаны тұрмыс сұраныстарына қол-
данылады. Ауыз суының жетіспеушілігі қазірдің өзінде Африка мен
Азияның 51 елінде байқалады. Олардың арасында халық саны жоға-
ры Қытай, Үндістан, Пәкстан, Нигерия елдері де бар. Ғалымдардың
болжамы бойынша, 2050 жылы ауыз су тапшылығы мәселесі Еуропа
мен Латын Америкасы елдерінде де байқала бастайды.
СЕНІҢ КЕЗЕГІҢ!
1. Минералды ресурстарға бай 7 мемлекетті атап, оларды картадан көрсет. Аталған 7 мемлекетті
біріктіретін қандай факторларды көрсетуге болатынын анықта.
2. Басты 10 минералды ресурстың таралуы кестеде берілген. Шартты белгілерді қолданып, осы
ресурстардың орналасуын кескін картаға түсір.
3. «Жер бетіндегі ірі мемлекеттердегі егістік жерлерінің таралуы» атты кестедегі мемлекеттерді кескін
картаға түсір.
4. Мәтінде орман ресурстары азайып келе жатқаны жазылды. Орман ресурстары азаюының себептері
қандай? Жауабыңды дәлелде.
5. «Ауыз су тапшылығының алдын алу» тақырыбына эссе жаз.
107

