Page 108 -
P. 108
Табиғи ресурстарды өндіру
Бұл сабақта: Табиғи ресурстар алуан түрлі болатыны бел-
✔ табиғи ресурстарды өндіру жолдарымен гілі. Ол ресурстар әртүрлі жолдармен, кейде
танысасың; өте қиын жерлерден де өндіріледі. A– Ғ сурет-
textbooks nis edu kz
терінде осы мысалдар көрсетілген.
✔ географиялық дереккөздермен (карта, сурет,
мәтін, фотосуреттер, графикалық материалдар)
жұмыс істеуді білесің.
A Ә
Б В
Г Ғ
Дүниежүзі халқының саны өскен сайын, табиғи ресурстарға деген сұраныс та ар-
тып отыр. Бұл – дүниежүзіндегі ең басты мәселелердің бірі, себебі табиғи ресурс-
тар шектеу лі. Осы мәселені балықты мысалға алып қарастырайық. Қазіргі кезде
дүние жүзіндегі балық нарығы балықты шамадан тыс аулаудан зиян шегіп отыр.
Себебі, мұхиттардан балықты өте тез аулайды және балық «қалпына келіп» үлгер-
мейді. Жаңа технологиялар мен құралдар аз уақытта көп балық аулауға мүмкіндік
беріп отыр. Көп балық аулаған сайын, оның судағы саны да азаюда. АҚШ компа-
ниясы осы мәселені талдап, мүмкін болатын шешімдерін ұсынды. Ол Д постерінде
көрсетілген.
108

