Page 103 -
P. 103
Табиғи ресурстарды пайдалану бастапқыда тек адам сұраныстарын қамтама- География
сыз етуге ғана бағытталса, кейін басқа да мақсаттарда қолданылуда. Әсіресе, соңғы
200–500 жылда ресурстарды пайдалану күрт өсті. Ресурстарды қарқынды пайдалану
кейбір ресурстардың азаюы немесе таусылуына әкелуде. Соңғы 400 жыл ішінде адам
іс-әрекетінің салдарынан құстар мен сүтқоректілердің 160-қа жуық түрі жойылды.
Кейбір ресурстардың азаюы болашақтағы адам өмірін қиындатуы мүмкін: мысалы,
ағаштардың көп кесілуі нәтижесінде Жердегі орман ресурстары азаяды, ол өз кезе-
textbooks nis edu kz
гінде ауада оттек мөлшерін азайтады. Ал тұщы суды үнемсіз пайдалануға байланысты
қазірдің өзінде Жердің кейбір аймақтарында ауыз су тапшылығы байқалуда.
Егер табиғи заттар табиғи күйінде еш өзгеріске ұшырамай сақталса, оны табиғи
ресурс деп атайды. Ал оны табиғаттан ажыратып алып өңдесе, ол шикізатқа ай-
налады. Шикізаттан адамдар дайын өнім жасайды.
Ә
Өсіп тұрған ағаш – ресурс Тақтай – шикізат Жиһаз – өнім
Бидай – ресурс Ұн – шикізат Бауырсақ – өнім
СЕНІҢ КЕЗЕГІҢ!
1. Табиғи ресурстар дегеніміз не?
2. Әртүрлі табиғи ресурстардың тізімін жаса.
2.1. Тізімді сенің ойынша ең маңызды болып табылатын ресурстардан құра.
Өз ойыңды түсіндір.
3. A суретін қолданып, адамдардың табиғи ресурстарды қалай пайдаланатынын
көрсететін тұжырымдамалық карта жаса.
4. «Биосфера» тарауында жасаған жұмысыңды еске түсір. Топырақтың неліктен
маңызды табиғи ресурс екенін және адамдар оны неліктен пайдаланатынын
түсіндір.
5. Табиғи ресурстарды адамдар түрлі мақсаттарда пайдаланады. Осыған қатысты
қандай дәлелдер келтіресің?
6. Кез келген ресурс өздігінен дайын өнімге айналмайды. Оны өңдеу керек. Осыған
қалай көз жеткіздің?
7. Сабақтан тыс тапсырма: «Табиғи ресурстар» атты альбом жаса. Альбомда 10 табиғи
ресурсты қамты. Альбомда ресурстың атын / ресурстың суретін / өндірілетін жерін
/ одан жасалатын өнімді көрсет. Әр ресурсқа қатысты ақпарат бес сөйлемнен
аспасын. Альбомды сыныпқа таныстыр.
103

