Page 110 -
P. 110

Дүниежүзі шаруашылығының


               салалық және аумақтық құрылымы





                  Бұл тарауда:                      Әрбір елдің ұзақ тарихи уақыт кезеңдерінде қалыптасқан өзіндік
                   textbooks nis edu kz
                  ✔   шаруашылық                ұлттық шаруашылығы болады. Мысалы, мал шаруашылығы – қазақ
                    салаларын жіктеуді          халқының атакәсібі. Атакәсіп дегеніміз – ерте кезден бүгінгі күнге
                    (ауыл шаруашылық,           дейін жалғасып келген шаруашылық. Сол сияқты басқа елдер-
                    өнеркәсіп) үйренесің.       де ежелден балық аулаумен, егін шаруашылығымен айналысқан.
                                                Шаруашылық – адам өзін-өзі асырау үшін жасалатын кәсіп түрі.
                                                Қазіргі уақытта дүниежүзілік шаруашылық кең ауқымда қалыптасқан.
                                                Жалпы алғанда, дүниежүзіндегі елдердің бір-бірімен экономикалық
                                                қарым-қатынастар жүйесі арқылы байланысқан ұлттық шаруашылық
                                                жүйесін дүниежүзілік шаруашылық деп атайды.
                                                    Дүниежүзілік шаруашылықтың қалыптасуына өнеркәсіптің, ауыл
                                                шаруашылығының, көлік қатынастарының артуы, елдер арасындағы
                                                өзара байланыстың дамуы себеп болды. Шаруашылықтың маңызды
                                                салалары ол – ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп.
                                                    Ауыл шаруашылығы – адамның өмірлік тіршілігінің ең маңыз-
                                                ды саласы. Оның түп-тамыры ғасырлар мен мыңдаған жылдардан
                                                басталады. Жер шарында ауыл шаруашылығымен айналыспайтын
                                                бірде-бір ел жоқ. Ауыл шаруашылығы екі ірі саладан, яғни өсімдік
                                                шаруашылығы және мал шаруашылығынан тұрады.


                                                                      Ауыл шаруашылығы
                                                     Өсімдік шаруашылығы              Мал шаруашылығы
                                                 Техникалық                      Ірі қара
                                                 Бақша және жеміс-жидек          Қой шаруашылығы
                                                 Дәнді-дақылдар                  Шошқа
                                                                                 Құс


                                                Дүниежүзілік шаруашылықтың даму кезеңдері
                                                    Индустрияға дейінгі қоғам – даму факторы ауыл шару-
                                                ашылығымен айқындалады, сондықтан оны аграрлық қоғам деп те
                                                атайды. Негізгі қол еңбегі пайдаланылды. Шаруашылықты мануфак-
                                                тура (еңбек бөлінісіне негізделген бірлестік) негізінде ұйымдастырды.


                                                 A














        110
   105   106   107   108   109   110   111   112   113   114   115