Page 114 -
P. 114

Өнеркәсіп саласы






                  Бұл сабақта:                      Өнеркәсіп дегеніміз –  шикізатты  өндіріп, байытып, оны өң-
                  ✔   өнеркәсіп саласы          деуден өткізетін кәсіпорындарды біріктіретін экономиканың
                    туралы білесің.             саласы. Өңдеуге қажетті шикізат кіріс; өнеркәсіптің шикізатты өң-
                                                деуі үдеріс; ал өңдейтін материалдар шығыс деп аталады. Дайын
                                                өнім сатылып, одан түскен қаражат қайта өнеркәсіпке инвестици-
                   textbooks nis edu kz
                                                яланады. Ол қаржы шикізат алуға, жұмысшыларға еңбекақы төлеуге
                                                және несиелерді төлеуге пайдаланылады. А суретінде өнеркәсіп
                                                жүйесі көрсетілген.



                                    A
                                               ҮЛЕС                 ҮДЕРІСТЕР               НӘТИЖЕ
                                          ∙ Шикізат
                                          ∙ Энергия тасымалдаушылар                     ∙ Қаржының жетіспеуі
                                          ∙ Транспорт                                   ∙  Өнім
                                          ∙ Жұмыс                                       ∙  Қалдықтар
                                          ∙ Қаражат
                                          ∙ Үкіметтік саясат
                                                                  ∙ Өндіру
                                                                  ∙ Қаптау
                                                                  ∙ Басқару





                                                                                 ◄
                                                                   КЕРІ БАЙЛАНЫС
                                                   ◄

                                Өнеркәсіпті орналастыру факторлары
                                    Фабрика салу үшін оны орналастыратын ең тиімді орын табу керек. Ол орын
                                шикізат көзіне, электр энергиясына, транзитті жол торабына жақын, еңбек күші жет-
                                кілікті аймақ болуы тиіс. Сонымен қатар шығарылатын өнімді сататын үлкен орталықтан
                                қашық болмауы керек. Бұл факторлардың барлығы бірдей өте сирек жағдайда «сәйкес
                                келеді». Сондықтан жұмысты бастау алдында кіріс пен шығын есебі жасалып, дұрыс
                                шешім қабылдау керек. Дұрыс емес шешімдер көп қаржы жоғалтып, пайданың бол-
                                мауына және фабриканың жабылуына әкелуі мүмкін.
                                    Алайда барлық өнеркәсіптің орналасу факторлары бірдей болмайды. Кейбір
                                өнеркәсіп орындарының шикізат көп жерде орналасқаны дұрыс. Себебі шикізатты
                                тасымалдау қымбатқа түседі. Сонымен қатар өнеркәсіп орындарының жұмыс күші,
                                орталықтар мен көлік тораптарына жақын орналасуы шығын көлемін азайтады.


                Ә
                     Энергиямен жабдықтау. Энергия                           Шикізат. Егер қажетті шикізат
                     техниканың жұмыс істеуі үшін                            ауыр немесе көлемді болса, фаб-
                     қажет. Электр энергиясы таралмай                        рикаларды сол шикізат алынатын
                     тұрғанда, ондай өнеркәсіп                               жерге жақын орналастырған.
                     салалары көмір бассейндерінің
                     жанында орналасатын болған.
                                                       ФИЗИКАЛЫҚ
                                                       ФАКТОРЛАР


                     Табиғи бағыттар. Темір жол мен жүк
                     көліктері пайда болғанға дейін, өнімді               Жер және жер телімі. Көптеген
                     оңай тасымалдау  үшін өнеркәсіптерді                 өнеркәсіптерді салу үшін үлкен әрі
                     өзендердің жағасына немесе жазық                     жазық жерлер керек. Сондықтан жер
                     жерлерге салған.                                     бағасының арзан болуы да маңызды
                                                                          рөл атқарады.
        114
   109   110   111   112   113   114   115   116   117   118   119