Page 112 -
P. 112
Ауыл шаруашылығы
Бұл сабақта:
Ауыл шаруашылығының негізгі салаларының бірі өсімдік
✔ ауыл шаруашылығы шаруашылығы мен мал шаруашылығы екені айтылды.
саласы туралы білетін
боласың.
textbooks nis edu kz
Өсімдік шаруашылығы ауыл шаруашылығының басты саласы болып табы-
лады. Оның ішінде дәнді дақылдар – дүниежүзінде өңделетін бүкіл жер аумағының
50%-дан астамын құрайды. Жылына шамамен 1,9 миллиард тоннаға дейін астық
жиналады. Астық шаруашылығын құрайтын үш дақыл – бидай, күріш және жүгері
жалпы түсімнің 80%-ын береді және адамдардың бүкіл тамақ энергиясының 50%-ға
жуығын қамтамасыз етеді.
Бидай шамамен 70-ке жуық елде өсіріледі. Бірақ жалпы өнімнің басым бөлігі
(миллион тонна есебімен): АҚШ (75), Канада (30), Аустралия (16), Ресей (45), Қазақстан
(17), Украина (20), Қытай (95), Үндістан (50), Франция (32) елдерінің үлесіне тиеді.
Күріш. Дүниежүзілік түсімінің 90%-ын Азияның «күрішті» елдері береді. Ірі күріш
өндіретін елдер (миллион тонна есебімен): Қытай (180), Үндістан (110), Бангладеш
(20), Таиланд (21), Индонезия (45). Дүниежүзіндегі 60–65% суармалы жерлерге күріш
егіледі.
Жүгері өндіру Мексикада басталып, кейін дүниежүзінің басқа аудандарына да
таралды. Қазіргі кезде жүгеріні негізгі өндіруші елдер – АҚШ, Қытай және Бразилия.
Майлы дақылдар астық дақылдарынан кейінгі екінші орында. Дүниежүзінде
қытайбұршақ (соя) жинаудан 1-орынды АҚШ (50%-тен астамы), жержаңғақ өсіруден
– Үндістан, зәй түннен – Италия алады.
Шай, кофе және какао дақылдары тропиктік елдерде өсіріледі. Мақта өсірудің
негізгі ауданы – Азия елдері. Дүниежүзі бойынша зығыр өндірудің 75%-ы Ресей мен
Беларуське, джут өндіруден Бангладешке тиеді. Табиғи каучуктың 85%-ы – Оңтүстік-
Шығыс Азия елдерінде, әсіресе, Малайзия, Индонезия және Таиландта өндіріледі.
– Мен бидай, арпа, рапс сияқты дақылдарды
өсіремін. Ол үшін құнарлы топырақ, жазық жер және
жылы климат қажет. Жауын-шашын жеткілікті дәреже-
де болуы керек. Кейде дақылдарға су жеткілікті болу
үшін өзендерден немесе көлдерден су тартатын суару
каналдарын да қолданамын. Дақылдардың пісуіне Күн
сәулесі көмектеседі. Егістіктен өнімді жинауға көмекте-
сетін қазіргі заманғы техникаларды, сонымен қатар жер
жыртуға үлкен тракторларды пайдаланамыз. Қазақстан
дүниежүзі бойынша бидай өсіретін алдыңғы қатарлы 20
елдің қатарына кіреді.
Қазақстандағы егіншілік шаруашылығы
112

