Page 113 -
P. 113

Ауыл шаруашылығының негізгі саласының бірі – мал шаруашылығы. Мал шару-                            География
            ашылығынан алынатын өнімдердің негізгі бөлігін қоңыржай белдеудің елдері береді.
                Мал шаруашылығы салаларына ірі қара, қой, шошқа, құс шаруашылықтары және
            т. б. жатады.
                Ірі қара өсіру қоңыржай белдеудің табиғи және мәдени жайылымдармен жақсы
            қамтамасыз етілген орман, орманды дала, дала аймақтарында таралған. Дүниежүзі
            бойынша ірі қараның мал басы 1,3 млрд-қа жетіп отыр. Өндірілетін сүттің барлығын
                   textbooks nis edu kz
            дерлік, ал еттің 35%-ын осы ірі қара малы береді. Дүниежүзінде етті ең көп өндіретін
            елдер қатарына АҚШ, Қытай, Бразилия, Аргентина және Ресей жатады.



                                 Өндіру      Дүниежүзіндегі                       Өндіру     Дүниежүзіндегі
                  Елдер                                           Елдер
                              көлемі, млн т       орны                        көлемі, млн т       орны
                 Қытай       55,3            1                    Испания     4,4            7
                 АҚШ         35,8            2                    Ресей       4,4            8

                 Бразилия    11,7            3                    Мексика     4,1            9
                 Германия    6,5             4                    Ұлыбритания 3,8            10
                 Франция     6,2             5               Дүниежүзі        216,2          0,0
                                                             бойынша

                 Үндістан    4,6             6

                                                                                       Ет өндіруден жетекші елдер


                Шошқа шаруашылығы дүниежүзілік ет өнімінің 40%-ға жуығын береді, қазір
            оның саны 0,8 млрд-тан асып отыр. Дүниежүзіндегі шошқа санының жартысына
            жуығы Қытайда өсіріледі. (Азияның кандай елдерінде шошқа мүлдем өсірілмейді,
            неліктен?) Сонымен қатар АҚШ, Бразилия, Германия, Ресей, Польша елдерінде де
            шошқа шаруашылығы жақсы дамыған.
                Қой шаруашылығы ет-жүн бағытындағы және биязы, жартылай биязы жүн
            бағытындағы болып бөлінеді. Дүниежүзі бойынша қой саны 1,2 млрд. басқа жетіп отыр.
            Дүниежүзіндегі қойы ең көп ел – Аустралия (130 млн.-нан астам), Қытай (112 млн-
            нан астам). Ал Қазақстандағы қойдың саны 2008 жылы 16 млн-нан сәл ғана асты.
            Жүн өндіруден жетекші елдер қатарына Аустралия, Қытай, Жаңа Зеландия, Уругвай
            және Ресей жатады. Көбінесе жоғары сапалы жүн беретін биязы жүнді қой тұқымы –
            Аустралия мериносы өсіріледі.
                Құс шаруашылығы – ауыл шаруашылығының ең жаңа және ең қарқынды да-
            мып келе жатқан саласы. Бүгінгі таңда құстың саны жөнінен Қытай, АҚШ, Ресей, ал
            жұмыртқа өндіруден Қытай, АҚШ, Жапония, Ресей және Үндістан ерекше көзге түседі.
                Балық аулау – адамзаттың ең ежелгі кәсіптерінің бірі. Бүкіл дүниежүзінде аула-
            натын балықтың 50%-дан астамы 6 елдің – Жапония, Қытай, Ресей, АҚШ, Чили мен
            Перудің үлесіне тиеді.


                  СЕНІҢ КЕЗЕГІҢ!

              1.  Дүниежүзіндегі ауыл шаруашылығының маңызын түсіндір.
              2.  Мәтінді оқи отырып, дүниежүзі бойынша ауылшаруашылық саласын жіктеп, кесте түрінде көрсет.
                 Аталған мемлекеттерді картадан көрсет.
              3.  Неліктен бұл аймақтарда ауылшаруашылық саласының осы түрі таралғанын түсіндіріп көр.
                                                                                                                113
   108   109   110   111   112   113   114   115   116   117   118