Page 111 -
P. 111
Индустриялану кезеңі География
Индустриялану кезеңі XIX ғасырда Еуропа, Солтүстік Америка
елдерінде қалыптаса бастады. Бұл кезде экономиканың негізін
таскөмір, болат өндіру және темір жолдар қалады. XX ғасырдың ба-
сында электр станциялары, көлік және байланыс құралдары жетіліп,
мәшине жасау саласы негіз бола бастады. 1863 жылы Лондонда
алғашқы метро пайдалануға берілді. Осындай өзгерістер дүниежүзілік
textbooks nis edu kz
шаруашылықтың дамуына және қалыптасуына алып келді.
Постиндустриялық кезең
Постиндустриялық кезеңде интеллектуалды еңбектің жаппай
таралуы, білім беру мен ақпарат, байланыс құралдарының, мәдениет
салаларының дамуы, ақпарат және оны пайдалану мен тарату үшін
техникалық базаны қамтамасыз ететін электронды құралдар негізгі
рөл атқарады. Яғни, қызмет көрсету саласы дамиды. Шаруашылықты
ұйымдастыруда ұлтаралық корпорациялар мен фирмалардың рөлі
басым болады.
Шаруашылықтың салалық құрылымы
Дүниежүзілік шаруашылықтың салалық құрылымы 4 сектордан
тұрады. Қазіргі уақытта елдердің даму деңгейіне байланысты шару-
ашылық жүйесі және дамыған салалары да әртүрлі.
Шаруашылық жүйесі
1-сектор 2-сектор
• Ауыл шаруашылығы • Өңдеуші өнеркәсіп
• Балық шаруашылығы • Құрылыс
• Орман шаруашылығы
• Тау-кен өнеркәсібі
3-сектор 4-сектор
• Көлік • Ақпараттық қызмет
• Қызмет көрсету • Ғылыми зерттеулер
СЕНІҢ КЕЗЕГІҢ!
1. Дүниежүзілік шаруашылық дегеніміз не?
2. Жекелеген елдерде шаруашылықтың әр түрінің дамуына қандай факторлар әсер етеді?
3. Қазіргі кезеңде аграрлы қоғамда өмір сүретін елдер кездеседі ме?
4. Свазиленд, Қазақстан, Жапония мемлекеттерінің шаруашылық даму сатысын зерттеп, сыныпта
таныстырылым жаса.
5. Постиндустриялық кезеңде өмір сүрудің қандай артықшылықтары мен кемшіліктері бар? Талда.
111

