Page 43 -
P. 43
География
Б
Конвективті Орографиялық Фронтальды
қос.textbooks nis edu kz
1. Қатты ыстық күндері жер беті 1. Теңіз беті буланып, жоғары 1. Суық ауа жылы ауаны ығы-
күннен қызу алады, су була- көтеріледі. стырады.
нып, жоғары көтеріліп, жылу 2. Су буы салқындап, бұлтқа ай- 2. Жер бетіндегі жылы ауа жоға-
алмасу үдерісі жүреді. налады. ры көтеріліп суынып, бұлтқа
2. Биіктеген сайын ауа темпе- 3. Жел арқылы тасымалданып, айналады.
ратурасы төмендеп, су буы құрлыққа жауады.
конденсацияланады.
Б суретінде жаңбыр түрлерінің қалыптасуы көрсетілген. Үдеріс әрдайым бірдей болады: ауа кө-
теріледі, конденсацияланады және жауын-шашын жауады.
Жауын-шашын түрлері. Бұлттардан Жер бетіне түсетін ылғалды жауын деп атайды. Жауын
кезінде су тамшыларының көлемі 0,5 мм-ден 6–7 мм-ге дейін жетеді.
Қар – төмен температурада бұлттарда қалыптасатын, қатты кристалдардан (1–15 мм) түзілген
жауын-шашын түрі.
Бұршақ – жылдың жылы мезгілінде көлемі 5 мм-ден 20 мм-ге дейін жететін мұзға айналған жа-
уын-шашын түрі. Бұршақ жауған кезде егістікке, көлікке, ғимараттарға әсер етіп, жануарлардың өліміне
апарып соғуы мүмкін.
Шық – температура төмендеген кездегі атмосферадағы ауаның конценсацияға ұшырап, Жер бетіне
су тамшылары ретінде жиналуы. Шық – жылдың жылы мезгілінде байқалатын құбылыс.
Бұлттылық – бұл аспандағы бұлттардың жиынтығы. Оны 10 балдық шкала бойынша өлшейді.
Егер аспан толық ашық болса, 0–1 балдық, егер аспан жартылай ашық болса, 5–6 балдық, егер аспан
бұлтпен толық жабылып тұрса, 9–10 балдық бұлттылық болады. Атмосферадағы бұлттардың мынадай
түрлері бар: шарбы, қабат, будақ.
СЕНІҢ КЕЗЕГІҢ!
1. Атмосфералық жауын-шашын дегеніміз не?
2. Атмосфералық жауын-шашынның айырмашылығын көрсету үшін өрмекші тәріздес диаграмма сал.
Атмосфералық жауын-шашынның әртүрлі түсу себептері жайында деректерді зерттеп, өз диаграммаңа
3. А сызбасына мұқият қарап, жауын-шашынның пайда болуын түсіндір.
3.1. Ә картасында неліктен А және B әріптерімен белгіленген аймақтарда жауын-шашын мөлшері
жоғары?
3.2. Неге C және D әріптерімен белгіленген аймақтарда жауын-шашын мөлшері аз?
3.3. Не себепті жағалаудағы Е және Ғ әріптерімен көрсетілген жерлерде жауын-шашын мөлшері
жоғары?
4. Б суретінде жаңбыр жауу үшін ауа көтерілуінің үш түрі көрсетілген. Жаңбырдың үш түрі үшін
(конвективті, орографиялық, фронтальды) ауаның көтерілуін түсіндір.
43

