Page 40 -
P. 40

Ауа райы және ауа температурасы



                 Бұл сабақта:                       Температура – ауаның қаншалықты ыстық не суық екенін өл-
                 ✔   «ауа райы» ұғымын          шейтін өлшем. А және Ә суреттерінде дүниежүзінің ең ыстық және
                    түсінесің;                  ең суық жерлері көрсетілген.
                                                    Ауа райы – белгілі бір уақыттағы (тәулік, апта, ай), белгілі бір
                 ✔   ауа температурасының       Жер бетіндегі атмосфераның төменгі бөлігіндегі тропосфераның
                   textbooks nis edu kz
                    және оның                   жай-күйі.
                    таралуына әсер                  Ауа райының элементтеріне – қысым, температура, ылғалдылық;
                    ететін факторларды          ал ауа райы құбылыстарына жауын-шашын, жел, тұман т. б. жатады.
                    сипаттауды үйренесің.
                                                    Ауа райын зерттейтін ғылым метеорология деп аталады. Ауа
                                                райын зерттеу мақсатында метеорологиялық станциялар ашылады,
                A                               олар жер бетіндегі ауа құбылыстарын тіркеп отырады. Ауа райын
                                                алдын ала болжау мақсатында аэрологиялық, аэрономиялық, ға-
                                                рыштық зерттеу нәтижелері қолданылады.
                                                    Ауа райының сандық және сапалық сипаттамалары болады.
                                                Сандық сипаттамаларға метеорологиялық аспаптармен өлшенетін
               А. Өлім аңғары, АҚШ.             көрсеткіштер: ауа температурасы, жел жылдамдығы мен соғу бағыты,
               Калифорнияның оңтүстік-          атмосфералық қысым, бұлттылық, жауын-шашын мөлшері, ылғал-
               шығысында орналасқан Өлім        дылық және т. б. жатады. Ал сапалық сипаттамаларға метеорологи-
               аңғары – Солтүстік Америкадағы   ялық (ауа райы) құбылыстар: шық, тұман, боран, көктайғақ, найзағай,
               ең ыстық орын. Өлім аңғарында    үсік, көріністің нашарлауы жатады.
               тіркелген ең жоғары температура      Ауа райын болжау жұмыстарымен синоптик мамандар айна-
               + 56,7°С.                        лысады. Ауа райын болжау ауыл шаруашылығы, көлік және т. б.
                                                шаруашылық салалары үшін өте маңызды. Біздің мемлекеттте ауа
                Ә
                                                райын зерттеу және болжаумен «Қазгидромет» айналысады.
                                                    Біздің халық ауа райын болжауды бұрыннан қолданған. Ол үшін
                                                табиғат құбылыстары мен жануарларды бақылаған.


                                                 Б
               Ә. Шығыс станциясы,
               Антарктика. Антарктикадағы
               Шығыс станциясы – Жер
               бетіндегі ең суық жерлердің бірі.
               Бұл жерде тіркелген ең төмен
               температура – 89,2°С.


                 ХАЛЫҚТЫҢ АУА
                 РАЙЫН БАҚЫЛАУЫ:

                 1. Қарлығаштар төмен ұшса,
                 жаңбыр болады.
                 2. Қыста ай ашық болса, суық
                 болады.
                 3. Пештен шыққан түтін тік      Дүниежүзіндегі жылдық орташа температура
                 шықса, күн суытады.
                 4. Ит аунаса, боран болады.
         40
   35   36   37   38   39   40   41   42   43   44   45