Page 11 -
P. 11
үлкен мұхитқа шығады. Мұхитты 4 ай бойы жүзген кезінде еш дауыл кездеспегендіктен оған «Тынық» География
деп атады. Сапар ұзақ болғандықтан аштық пен құрқұлақ (цинга) ауруынан көптеген теңізшілер көз
жұмады. 1521 жылы Филиппин аралдарына жетеді. Жергілікті тұрғындар оларға қарсылық көрсетіп
шайқасады. Сол шайқаста Магеллан қаза табады. Қалған теңізшілер қашып құтыла-
ды. 1522 жылы «Виктория» кемесі экспедицияны аяқтайды. Одан сәл кейін тәтті
тағамдар тиеген «Тринидад» кемесі келеді. Тәттілердің көп болғаны соншалық
одан түскен қаржы барлық кемелердің шығынын толтырады.
textbooks nis edu kz
ХІХ ғасыр мен қазіргі заманғы зерттеулер
Саяхатшылар енді бұрын зерттелмеген материктердің ішкі бөлік-
терін зерттеумен айналыса бастады. Сонымен қатар халықтар, таулар
мен көлдер, өзендер мен шаруашылықтар, пайдалы қазбалар туралы
деректер жинала бастады. Ш. Уәлиханов, П.П. Семенов Тян-Шанский,
Д. Ливингстон, Қ, Сәтбаев зерттеулерінің маңызы өте зор.
Солтүстік және Оңтүстік полюстерге бару барлық саяхатшылардың
арманы болатын. Америкалық Роберт Пири 3 рет экспедиция жасап, тек B. Жерсеріктік түсірілім
1909 жылы ғана Солтүстік полюске жетті. Р. Пиридің жетістігін естіп норвегиялық
Р. Амундсен Оңтүстік полюске сапар шегеді. 1911 жылы «Фрам» кемесімен Антарктика
жағалауларына жетіп, 4 жолдасымен ит жеккен шаналармен жүріп, Оңтүстік полюске ту тікті.
1959 жылдан бастап Антарктидада ғылыми станциялар ашыла бастады. Сондықтан Антарктида
бейбітшілік құрлығы деп саналады. Антарктиданы зерттеу маңызды болып саналады, себебі ол әлемнің
климатына әсер етеді. Ал Арктиканы да зерттеуде Ресейдің үлесі зор. 2007 жылы Арктикаға ірі экс-
педиция ұйымдастырылды. «Россия» атом мұзжарғышының көмегімен «Академик Федоров» кемесі
атмосфера қабатын, мұхит ағысын, мұздардың қалыңдығын, мұхиттың тереңдігін зерттеді және мұхит
түбіне тереңдікті зерттейтін «Мир» құрылғысы түсірілді.
ХХ ғасырда әртүрлі экспедициялардың нәтижесінде мұхит астындағы су жоталары, жанартаулар,
шұңғымалар ашылды. 1960 жылы Жак Пикар мен Дон Уолш батискаф арқылы 11022 м тереңдіктегі
Мариан шұңғымасына түсіп, мұхит астындағы тіршілік туралы ақпарат берді. Француз теңіз зерттеушісі
Жак Ив Кусто теңіз астында еркін жүзіп зерттеуге мүмкіндік беретін акваланг ойлап шығарды.
ХХ ғасырдың басты жаңалығының бірі – атмосфераның жоғарғы қабаттарының зерттелуі. ХХ
ғасырдың екінші жартысында ғарышты игеру арқылы ғарыштық зерттеу әдістерінің нәтижелері шыға
бастады. Жер шарын зерттеу әлі жалғасуда.
СЕНІҢ КЕЗЕГІҢ!
1. Мәтінді мұқият оқып шығып, сұрақтарға жауап 2. Саяхатшыларға баға бер.
бер. 3. Дүниежүзінің физикалық картасын пайдаланып,
1.1 Эратосфен картасының ерекшелігі неде? саяхатшылар мен зерттеушілердің атымен
1.2 Технологияның дамуы қандай өзгеріс аталатын нысандарды тауып көр.
әкелді? 4. Қалай ойлайсың, қазіргі географтар немен
айналысып жатыр? Болашақта бұл ғылым қажет
1.3 Эратосфен картасынан қазіргі карталарға пе?
дейін қандай өзгерістер болды?
5. Өз аймағыңның зерттелуі туралы хабарлама
1.4 География ғылымының дамуына үлес
қосқан саяхатшылар мен зерттеушілерді ата. жаса.
11

