Page 62 -
P. 62

Мұхит суларының қозғалысы





                  Бұл сабақта:                      Теңіз және мұхит суларында тербелмелі қозғалыстар-
                  ✔   мұхит суының              дың пайда болуына әсер ететін факторлар:
                    қозғалыстарын                   1) жел;
                   textbooks nis edu kz
                    анықтауды үйренесің.            2) Күн мен айдың гравитациялық күштері;
                                                    3) су астындағы жер сілкіністері және жанартау әрекеттері.
                                                    Терең толқындар әртүрлі су қабаттарының шегараларында
                                                пайда болады.
                                                    Беткі толқындар желдің әрекеттері, жерасты сілкіністері және
                                                судың көтерілуі мен қайтуына байланысты пайда болады.
                                                    Мұхит суы желдің әрекетінен үнемі қозғалыста болады. Жел
                                                соққанда теңіз, мұхит бетіне толқындар көтеріледі. Толқынның көл-
                                                денең қимасынан пішінін көруге болады (А суреті). Толқынның
                                                ең жоғары көтерілген биік бөлігін толқынның шыңы немесе жалы
                                                деп атайды. Су беті деңгейінен төмен жатқан бөлігін толқынның
                                                табаны деп атайды. Сонымен қатар толқын биіктігімен және ұзын-
                                                дығымен  сипатталады. Толқынның ұзындығы – көршілес екі толқын
                                                қырларының арақашықтығы. Толқынның биіктігі – оның табанынан
                                                қырына дейінгі қашықтығы. Толқынның күшін 9 балдық шкаламен
                                                анықтайды.






                                                                                                             A
                                                                        A                             B
                                                   Жүру бағыты
                                                                                  Толқын ұзындығы


                                                                          Шыңы     Толқын биіктігі
                                                       Тынық теңіз
                                                         деңгейі




                                                                                 Ең төмен деңгейі
                                                                                  толқын табаны

                                                   ТОЛҚЫН ЖИІЛІГІ               ТОЛҚЫН КЕЗЕҢІ
                                                   Әр секундта А нүктесінен     Толқын шыңына А нүктесіне
               Тынық мұхиттың Оңтүстік-Шығыс       өтетін толқын шыңдарының     дейін жету үшін қажет болатын
               Азия аймағында күзде және жаз       саны                         уақыт
               мезгілдерінде болып тұратын дауыл
               түрінде соғатын желді тайфун
               (қытайша тайфун – үлкен жел)
               деп атайды.






         62
   57   58   59   60   61   62   63   64   65   66   67