Page 63 -
P. 63
География
Ә Жел толқындары Б
Қума толқындар
textbooks nis edu kz
2011 жылы Жапонияда орын алған
цунамидің зардаптары
В
Соқпа толқындар
Пайда болуына байланысты толқын түрлері Толқын
Мұхиттағы ең үлкен апат – бұл цунами. Су астындағы ең үлкен
жер сілкінуден немесе жанартау атқылаудан пайда болатын толқын- МЕН ЗЕРТТЕУШІМІН!
ды цунами деп атайды. Цунами жапон тілінде – «қойнаудағы үлкен «Литосфера» тарауынан
меңгерген біліміңді және
су» деген мағынаны білдіреді. Суасты жер сілкінісі кезінде жарылыс Б суретін пайдалана
бойымен мұхит түбінің бір бөлігі төмен түсіп, ішкі қысымның әсері- отырып, ірі апаттардың
нен судың көлемі күрт жоғары көтеріледі. барлығының Жапонияға
Литосфералық тақталар шегаралары – литосфераның белсенді қатысты болуы қандай
аймақтары, оларда жанартаулар мен ірі жер сілкіністері жиі бо- себептерге байланысты
лып тұрады. Бұл аймақтар ұзындығы мыңдаған километрге жететін екенін зертте.
Жердің сейсмикалық белдеулерін құрайды. Жер шарындағы ең ірі
белдеу – Тынық мұхиттық, оның үлесіне Жер шарында болатын
ірі сілкіністердің 75%-ы және бөлінетін сейсмикалық энергияның
90%-ы тиесілі. Міне, цунами апатының осы Тынық мұхит жағалау-
ында жиі болуының басты себебі де осында. Цунами толқынының
таралу жылдамдығы шамамен 1000 км/сағатқа тең.
Цунамидің белгілері:
– жер сілкінісі;
– мұхит суының бірнеше м-ден км-ге дейін шегініп кетуі;
– жануарлардың мінез-құлықтарының өзгеруі.
СЕНІҢ КЕЗЕГІҢ!
1. Толқынның пайда болу себебін анықта.
2. Ә суретін пайдалана отырып, толқын түрлеріне сипаттама бер:
а) толқын түрлері;
ә) пайда болу ерекшелігі;
б) кездесетін аймақтары.
3. Цунами жиі болатын аймақтарға саяхат жасаушыларға бұл апаттан қалай қорғану қажеттігін ұсын.
4. Кескін картаға цунами жиі болатын аймақтарды түсір.
63

