Page 76 -
P. 76
Топырақ құнарлылығының өзгеруі
және оны қалпына келтіру жолдары
Топырақ эрозиясы (немесе топырақ деградациясы) – дү-
Бұл сабақта: ниежүзіндегі басты мәселелердің бірі. Жыл сайын дүниежүзінде
✔ топырақ эрозиясы шамамен 75 млн. т топырақ жарамсыз болып қалады. Мың жылдап
textbooks nis edu kz
туралы; дамыған топырақ сумен шайылып (эрозия), бір жылда бұзылып жа-
тады. Топырақ эрозиясы жылына 25-тен 40 миллиард тоннаға дейін
✔ топырақ эрозиясының топырақ қабатын жояды. Бұл топырақтың өнімділігі мен топырақтағы
себептерін анықтауды; көміртек, қоректік заттар мен суды сақтау қабілетінің азаюына әке-
леді. Соңғы 150 жыл ішінде дүниежүзіндегі топырақ қабатының жар-
✔ топырақты сақтап қалу тысы жойылды. Эрозия көбінде топырағы жалаң болып келетін тік
амалдары туралы беткейлерде кездеседі. Сонымен қатар көбінесе топырақ эрозиясы
білесің. өсімдіктер аз өсетін аймақта болады. Ал өсімдіктер мен ағаштар көп
өсетін аймақта топырақ эрозиясы аз байқалады. Себебі өсімдіктер
мен ағаштар топырақты жаң-
A
быр дан, желден қорғайды және
топырақты орнынан қозғалтпай-
ды. Топырақ эрозиясы – табиғи
үдеріс, бірақ дүниежүзінде оның
мөлшері артып келеді. Оның
бас ты себебі жерді қолданудағы
өзгерістерге байланысты (А су-
ретінде көрсетілгендей).
Орман ағаштарын кесу
дегеніміз – ол орман ағашта-
рын басқа мақсатқа пайдалану
үшін жою. Жыл сайын шамамен
7,3 миллион гектар орман жой-
ылады, ол Панама елінің жер
аумағымен сәйкес келеді. Егер
жердің беті өсімдіктермен жа-
былмаса, оны әдетте өзендер
шайып кетеді. Кесілген ормандардың орнына егілген ауыл шаруашылығы өсімдіктері, топырақты әдетте
ұстап тұра алмайды. Кофе, мақта, пальма майы, қытайбұршақ (соя) және бидай сияқты өсімдіктердің
көбісі топырақ эрозиясын одан әрі қарқындатуы мүмкін. Қазіргі таңда әлі күнге дейін орман ағаштарын
кесіп, топырақтың құнарлылығы жойылуда. Егер бір жерді жайылым ретінде өте көп жыл пайдаланса, ол
аймақ шөлге айналып, құнарлы беткі қабатын жел ұшырып әкетеді. Бұл үдеріс шөлейттену деп аталады.
Шөлейттену өсімдіктің қайта өсуіне мүмкіндік бермейді. Ол топырақтың эолдық үдеріске ұшырауына алып
келеді.
Ә
ШАМАДАН ТЫС МАЛ ЖАЮ
Бір жерге малдың өте көп жайылуы, ауыл
шаруашылығына арналған жерді жоғалту тәрізді
мәселелерге апарып соғуы мүмкін.
1 Малды шөбі көп жерге жаюға рұқсат етіледі.
2 Алайда, ол жерлерде мал шамадан тыс жайылса,
топырақ желге ұшып, шөп жойылып кетеді.
3 Жел топырақты ұшырып, шөп өсіп тұрған жерді
шөлге айналдырады.
76

