Page 79 -
P. 79
Құрлықтағы табиғи кешендер бірнеше табиғат компоненттерінің Ә География
өзара әрекеттесуі нәтижесінде ұзақ уақыт аралығында қалыптасады.
Табиғи кешендердегі барлық компоненттер бір-бірімен өзара тығыз
байланыста болғандықтан зат пен энергия алмасуы жүретін біртұтас
жүйені құрайды. Әрбір табиғи кешеннің өзіндік нақты шегарасы бар.
Сонымен қатар олардың сыртқы көрінісі де айқын ажыратылады. Руб-эль-Хали шөлі
Мысалы, ірі табиғат аймақтарына Тянь-Шань тау жүйесі, Шығыс
textbooks nis edu kz
Еуропа жазығы, Сарыарқа аласа таулы өлкесі, Амазонка ойпаты
т. б., ал шағын табиғи кешенге өзен жайылмасы, орман, көл жағасы,
батпақ т. б. жатады.
Географиялық ландшафт – геожүйе түрлерінің бірі. Барлық
негізгі құрамбөліктері: бедер, климат, су, топырақ, өсімдіктер мен
жануарлар дүниесі өзара күрделі әрекеттесіп, біртұтас үздіксіз жүйе Қиқоңыз
құрайтын, белгілі бір нақты аумағымен ерекшеленетін табиғи гео-
графиялық кешенді ландшафт деп атайды.
Табиғи кешендердің барлығы да әртүрлі дәрежеде адамның
шаруашылық әрекетінің әсеріне ұшырауда. Сондықтан қазіргі кезде
адам әрекеті нәтижесінде күшті өзгеріске ұшыраған табиғи кешен-
дерді антропогендік табиғи кешендер деп атайды. Олардың қата-
рына егістіктер, бау-бақша, саябақтар, қалалар, бөгендер, каналдар Жерорта сұңқары
және т. б. жатады.
Сарышаян
Нар Дала шөбі Шөл кесірткесі
СЕНІҢ КЕЗЕГІҢ!
1. Табиғи кешен дегеніміз не? 4.3. Шөл топырақ түрінің таралу аймақтарын
анықта.
2. А сызбасындағы табиғи кешенді құрайтын
құрамбөліктердің өзара байланысын талда. 5. Шөл табиғи кешендерінің қалыптасуында
табиғат құрамбөліктерінің үйлесімділігі қандай?
3. Ә суретіндегі шөл табиғи кешені
құрамбөліктеріне сипаттама бер. 6. Әртүрлі шөл табиғи кешендері ұқсас бола ма?
4. Топырақ картасымен жұмыс. 7. Түрлі табиғи кешендерді ата. Оның шөл табиғи
кешенімен айырмашылығы мен ұқсастығын
4.1. Шөл топырағын анықта. анықта.
4.2. Шөл топырағының қандай ерекшеліктері
мен қасиеттері бар?
79

