Page 78 -
P. 78

3.5.  Табиғи-аумақтық кешендер




                            Табиғи кешендердің қалыптасуы



                                                    Жер бетіндегі бір-бірімен өзара күрделі тығыз байланыста әре-
                  Бұл сабақта:                  кет ететін табиғат компоненттерінің біртұтас жүйесінің жиынтығы
                  ✔   табиғи кешендердің        табиғи кешен деп аталады.
                   textbooks nis edu kz
                    қалыптасуын түсінесің.          Табиғи кешенді құрайтын компоненттер бір-бірімен өте тығыз
                                                байланысты. Бір компоненттің өзгерісі міндетті түрде басқа компо-
                                                ненттердің өзгеруіне әсер етеді.
                                                    Жер шарындағы ең ірі табиғи кешендерге географиялық қабық,
                                                материктер мен мұхиттар және табиғат зоналары жатады. Гео-
                                                графиялық қабық табиғатының ішкі ерекшеліктеріне байланысты,
                                                алып жатқан ауданына қарай әртүрлі аумақтық табиғи кешендерге
                                                жіктеледі. Географиялық қабықтағы ең ірі табиғи кешендерге – ма-
                                                териктер мен мұхиттар жатады. Олардың жіктелуі жер қыртысы-
                                                ның құрылысына және оларды құрайтын табиғат компоненттерінің
                                                әртүрлілігіне байланысты.
                                                    Күн сәулесінің әркелкі таралуына байланысты әрбір материк
                                                пен мұхит аса ірі, өзіне тән қайталанбас табиғи кешендерінің жиын-
                                                тығымен ерекшеленеді.
                                                    Географиялық қабық біртұтас болуына қарамастан, оның ірі
                                                бөліктеріндегі табиғи кешендер ендік бойынша өзгеріп отырады.
                                                Ондай ірі табиғи кешендер қатарына географиялық белдеу жатады.
                                                Белдеулер жылу режимі, басым ауа массаларымен, топырақ-өсімдік
                                                жамылғысымен, жануарлар дүниесімен ерекшеленеді.
                                                    Мұхит үстіндегі шегарасы судың беткі температурасы, тұздылығы,
                                                тіршілік дүниесінің құрамы мен тығыздығы бойынша анықталады.
                                                    Осындай айырмашылықтар жасай отырып, белдеулер зоналарға
                                                жіктеледі. Әрбір зона өзіне тән жылу мен ылғал мөлшері, топырақ,

                A                                                                өсімдік жамылғысы, жануарлар
                                                                                 дүниесінің арасындағы зат пен
                                                                                 энергия алмасу заңдылықтары
                                                                                 арқылы ерекшеленеді. Бұл өз-
                                                                                 герістер географиялық қабықтың
                                                                                 зоналық  заңдылығы  –  табиғат
                                                                                 компоненттері мен кешендерінің
                                                                                 экватордан  полюстерге  қарай
                                                                                 өзгеру заңдылығына бағынады.
                                                                                 Зоналық мұхит суларында құр-
                                                                                 лықтағы тәрізді айқын емес. Ол
                                                                                 экватордан  полюстерге  қарай
                                                                                 судың беткі температурасы мен
                                                                                 тұздылығы, тығыздығы, органи-
                                                                                 калық дүниесі құрамының өзге-
                                                                                 руінен байқалады.

                Күрделі табиғи жүйенің компоненттері
         78
   73   74   75   76   77   78   79   80   81   82   83