Page 82 -
P. 82

Географиялық қабық






                  Бұл сабақта:                      Жердің ең ірі табиғи кешені – географиялық қабық. Атмосфера-
                  ✔   географиялық              ның, литосфера мен гидросфераның бір-біріне әсер етуінің нәти-
                    қабықтың қалыптасуын        жесінде Жердің ерекше қабығы – географиялық қабық қалыптасты.
                    түсінесің.                  Географиялық қабық Жерде тіршіліктің пайда болуына және дамуы-
                   textbooks nis edu kz
                                                на қажетті жағдай тудырды. Алғашқы кезде географиялық қабықтың
                                                құрамын тау жыныстары, су, ауа компоненттері құраған. Ұзақ тарихи
                                                даму барысында географиялық қабықта тіршілікке қолайлы жағдай
                                                қалыптасып, тірі ағзалар пайда болады. Тірі ағзалар географиялық
                                                қабықтың қажетті компоненттеріне айналды. Олар Жердің «тіршілік
                                                қабықшасы» – биосфераны қалыптастырды.
                                                    Географиялық қабықтың құрлықтағы төменгі шегарасы 30–40 км
                                                тереңдікке дейін, ал таулы аймақтарда 70–80 км тереңдікке дейін
                                                жетеді. Дүниежүзілік мұхиттарда төменгі шегарасы 5–8 км тереңдікте,
                                                яғни жер бетіне жақын орналасқан.
                                                    Ағзалар тек қана географиялық қабықта тіршілік етеді. Атмосфе-
                                                раның жоғарғы қабаты мен литосфераның терең қойнауына тіршілік
                                                таралмайды. Географиялық қабықта тіршіліктің дамуына Күн сәу-
                                                лесінен келетін жылу мөлшерінің әртүрлі таралуы әсер етеді. Жылу
                                                мөлшерінің әртүрлі таралуынан географиялық белдеулер заңдылығы
                                                қалыптасты. Тіршілік те әртүрлі таралған. Атмосфераның жоғарғы
                                                қабатында немесе литосфераның терең бөлігінде жылу белдеулік
                                                заңдылықпен таралмайды. Мұндағы барлық үдерістер Күннің және
                                                Жердің ішкі энергиялары әсерімен жүреді.



































                                                                                    А. Географиялық қабық шегарасы





         82
   77   78   79   80   81   82   83   84   85   86   87