Page 80 -
P. 80

Табиғи кешендерді жоспар бойынша


               сипаттау




                  Бұл сабақта:                      Табиғи кешендер алып жатқан аумағына қарай айырмашылық
                  ✔   табиғи кешендерді         жасайды. Шағын жерлерді алып жатқан кешендерді жергілікті деп
                    берілген жоспар             атайды. Оларға жыра, көл, аңғар, теңіз, шығанақ мысал бола алады.
                   textbooks nis edu kz
                    бойынша сипаттауды          Аймақтық табиғи кешенге үлкен кеңістікті қамтитын жеке материктер,
                    үйренесің.                  мұхиттар, табиғат зоналары, орман немесе шөл зоналары жатады.
                                                Ал ғаламшарлық табиғи кешендерге литосфера, атмосфера, гид-
                                                росфера, биосфераны қамтып жатқан Жердің бүкіл беткі қабаты
                                                – географиялық қабықты жатқызамыз.
                                                    Географиялық қабықта Күн сәулесінің әркелкі таралуына байла-
                                                нысты әрбір құрлық пен мұхит аса ірі, өзіне тән қайталанбас табиғи
                                                кешендері жиынтығымен ерекшеленеді. Дүниежүзілік мұхит теңіз,
                                                шығанақ, бұғаз сияқты табиғи кешендерге жіктеледі.
                                                    Материктерде табиғи кешен экватордан полюстерге қарай
                                                өзгеруімен табиғат зоналары сипатталады. Әрбір зона өзіне тән
                                                жылу мен ылғал мөлшері, топырақ-өсімдік жамылғысы мен жану-
                                                арлар дүниесінің тобы арқылы ерекшеленеді. Өткен сабақта шөл
                                                зонасының табиғи кешендерін сипаттадың. Бұл сабақта Оңтүстік
                                                Америка материгінің табиғи кешеніне сипаттама бересің және
                                                компоненттерінің бір-біріне қалай әсер ететінін зерттейсің.
                                                    Табиғи кешендерді сипаттау жоспары:
                                                    1. Атауы.
                                                    2. Географиялық орны, шегарасы.
                                                    3. Жер бедері.
                                                    4. Климат жағдайлары.
                                                    5. Ішкі сулар.
                                                    6. Топырақ.
                                                    7. Өсімдіктер.
                                                    8. Жануарлар.
                                                    9. Шаруашылықта қолданылуы.



























                                                                      Амазонка өзені алабындағы Мадиди ұлттық саябағы
         80
   75   76   77   78   79   80   81   82   83   84   85