Page 83 -
P. 83
География
Географиялық қабықтың ерекшеліктері
1. Географиялық қабық – біртұтас кешен. Оның құрамындағы жер
қабықтарының біреуі өзгерсе, барлығы өзгереді.
2. Жер қабықтарының әрқайсысы бір ғана заттан (атмосфера –
ауа дан, гидросфера – судан, литосфера – тау жыныстарынан,
биосфе ра – тірі ағзалардан) тұрады. Ал географиялық қабықтың
заттық құрамы күрделі. Оған аталған заттардың бәрі кіреді.
АЙНАЛЫМnis edu kz
Сондықтан ол кешенді сипатқа ие болады.
3. Зат және энергия түрлерінің күрделі болуы.
4. Географиялық қабықта зат құрамы 3 күйде: қатты, сұйық, газ
күйінде кездеседі.
5. Тірі ағзалар тек географиялық қабыққа тән. Атмосфераның
жоғарғы қабаты мен литосфераның терең қойнауында тіршілік
таралмайды.
6. Жылу географиялық қабықта шоғырланған және ол экватордан
полюстерге қарай таралады.
7. Географиялық қабықтың нақты шегарасы жоқ.
АУА
АЙНАЛЫМЫ
textbooks
СУ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ БИОЛОГИЯЛЫҚ
АЙНАЛЫМЫ ҚАБЫҚ
ЖЕР ҚЫРТЫСЫНДАҒЫ
ЗАТ АЙНАЛЫМЫ
Ә. Географиялық қабық компоненттері
арасындағы байланыстар
СЕНІҢ КЕЗЕГІҢ!
1. Географиялық қабық деген не? 7. А сызбасын пайдалана отырып, географиялық
қабық арасындағы қабықшалардың өзара
2. Географиялық қабықтың маңыздылығы неде?
байланысын түсіндір.
3. Географиялық қабықтың табиғат компоненттері 8. Географиялық қабық қасиеттеріне талдау
мен табиғи кешендері атауын дәптерге жаз. жасап, мысалдар келтір.
Олардың маңызын сипатта.
9. «Физикалық география» тарауынан меңгерген
4. Оқулық мәтінін қолданып, географиялық қабық
шегарасының графигін сыз. біліміңді қолданып, Ә сызбасындағы
байланысты түсіндір.
5. Географиялық қабықтың жоғарғы шегі қалай
өзгереді? 10. Ә сызбасындағы байланыстарды өз өміріңдегі
немесе қоршаған ортадағы үдерістермен
6. Географиялық қабықты картадан көрсете байланыстырып, мысал келтіріп, суретін сал.
аламыз ба?
11. Адамның географиялық қабықтағы рөлін
анықта.
83

