Page 85 -
P. 85

Дүниежүзі халқының этникалық және тілдік                                                        В      География
            құрамы

                Қазіргі таңда дүниежүзіндегі 7 миллиардтан асатын халық тұра-
            тынын білеміз. Бірақ, олардың нақты қанша тілде сөйлейтіні бел-
            гісіз. Деректерге сүйенсек, жойылып кету қаупі бар тілдермен қоса
            дүниежүзінде шамамен 5,5 мың тіл бар. Сөйлеген тілдеріне қарай,
            дүниежүзі халқы этникалық топтарға бөлінеді. Осыған қарап, дү-
                   textbooks nis edu kz
            ниежүзінде қанша этникалық топтар бар екенін болжауға болады.
            Өйткені тіл – кез келген ұлттың басты белгілерінің бірі.
            Дүниежүзі халқының діни құрамы

                Халық діни сенімдеріне қарай жіктеледі, бұл халықтың діни
            құрамы деп аталады. Дүниежүзі халқы нәсілдік және этникалық
            ерекшеліктеріне қарамастан бір дінді ұстана алады. Олар әлемдік,
            ұлттық, дәстүрлі діндердің өкілдері болады. Кейбір діндер дүни-
            ежүзі бойынша таралған. Олар әлемдік діндер деп аталады. Ал
            аймағына, жергілікті орнына, ұлтына байланысты таралған діндер
            ұлттық діндер деп аталады.








                        НӘСІЛДІК ҚҰРАМ  МОҢҒОЛОИД


                                   НЕГРОИД




                                 ЕУРОПЕОИД





                                                                      АРАЛАС НӘСІЛ




                  СЕНІҢ КЕЗЕГІҢ!

              2.  Жер бетіндегі халық санының өсуі туралы берілген мәліметті талда.
                 2.1.  Мәліметті пайдаланып, график сыз.
                 2.2.  Берілген сөз тіркестерін қолдана отырып, графикті талда: кенеттен өсу байқалды, қарқыны
                    төмендеді, өлімнен туу көп, халық саны 2 есеге өсті, халық саны баяу өсуде.
              3.  Әлем халқы жылдан-жылға өсуде. Осынша халықты қабылдауға ғаламшарымыз дайын ба?
              4.  «Біз 7 млрд-тың ішіндеміз».
                 4.1.   Сен оқитын сыныпта 24 оқушы бар. Егер сыныпқа жаңадан 5 оқушы қосылса, қандай мәселе
                     туындауы мүмкін? Мәселелерді айтып бер.
                 4.2.   Көз алдыңа елестет. Егер өзің отырған сыныптағы оқушылар 20 рет көбейсе, өзіңді қалай
                     сезінесің? Өзгерістерді сипатта.
              5.  2030 жылға қарай халық саны қалай өзгеруі мүмкін екенін болжа.
              6.  Неліктен дүниежүзі халқының тілдік құрамын анықтау мүмкін емес.
                                                                                                                 85
   80   81   82   83   84   85   86   87   88   89   90