Page 87 -
P. 87
аймақтарда да халық тығыздығы жоғары болуы мүмкін. Мысалы, таулы ел – Бутан География
Гималай таулы аймағында халық тығыздығы 1 км жерге 39 адамнан келеді екен. Таулы
2
аймақтарында ауыл халқы егін және мал шаруашылығымен айналысады.
Негізі дүниежүзі бойынша биік таулы аудандар және шөлді, ну орманды аймақтар
адамның өмір сүруіне қолайсыз болғандықтан, халық сирек қоныстанады.
Б
textbooks nis edu kz
0–9
10–24
25–49
50–74
75–99
100–149
150–299
300–999
1000+
Дүниежүзінің халық тығыздығы
Әлеуметтік-экономикалық жағдай
Қазіргі таңдағы халықтың тығыз орналасуына экономикалық-әлеуметтік факторлар
әсер етуде. Дүниежүзінде индустриясы дамыған, экономикалық даму деңгейі жоғары
аймақтарда жылдан-жылға халық саны да, тығыздығы да артуда. XVII-XX ғасырларда
өнеркәсібі жедел дамыған Еуропа мен Америка елдерінде халық тығыздығы артып,
үлкен қалалар қалыптаса бастады. Ал XX-XXI ғасырда халық тығыздығы 1 км жерге
2
1000-2000 адамнан асатын қалалар Азияда жылдам көбейді. Мысалы, Шанхай қа-
ласында халық тығыздығы 1 км жерге 2600 адам, ал Токиода 5000 адамнан асады
2
екен. Бірақ тығыздықтың артуы қалалардың экологиялық жағдайын нашарлатуда.
СЕНІҢ КЕЗЕГІҢ!
1. А картасын пайдалана отырып, халықтың 4. Физикалық, климаттық, халық тығыздығы
құрлықтар бойынша тығыздығының әртүрлі карталарын салыстыра отырып, халықтың
болуын сипатта. таралу заңдылықтарын анықта.
2. Б суретіндегі картаны пайдаланып, халқы тығыз 5. Халық тығыздығы төмен негізгі таулы
және сирек елдерді топтастыр. аудандарды және тығыз қоныстанған жазық
аудандарды анықта.
2.1. Халық тығыз орналасқан аймақтардағы үш
мәселені анықта. 6. Қазақстанның климаттық, физикалық, кешенді
картасын салыстырып, халық тығыз және сирек
2.2. Халық сирек орналасқан аймақтардағы үш қоныстанған аймақтарды анықта.
мәселені анықта.
3. Қандай климаттық белдеулерде халық
тығыздығы ең жоғары және неліктен?
Шығармашылық тапсырма
Таңдауларың бойынша «Халқы ең тығыз немесе сирек қалалар / елдер» атты фототаныстырылым
жасап, сыныпқа таныстыр.
87

