Page 90 -
P. 90

Халық тығыздығының көрсеткіштерін


               анықтау




                  Бұл сабақта:                  Халық тығыздығының жоғары болуының

                  ✔   халық тығыздығы           артықшылығы
                    көрсеткіштеріне баға            Халық саны көп елдерде салыстырмалы түрде халық тығыздығы
                   textbooks nis edu kz
                    беруді үйренесің.           жоғары болады. Әсіресе Оңтүстік-Шығыс Азия аймағында әлемдегі
                                                дамыған әрі дамушы елдер көп және ірі мегаполистер орналасқан.

                A                               Оңтүстік-Шығыс Азияда халық ең тығыз қоныстанған елдер мен
                                                қалалар көп. Халық тығыз орналасқан бұл аймақтарда қалалардың
                                                дамуы, инфрақұрылым, бәсекеге қабілетті еңбек ресурсы артып, кез
                                                келген сапалы қызмет атқаратын маман иелерін табу оңай болады.
                                                Мысалы, әлемдегі жетекші халықаралық қаржы орталықтарының бірі
                                                болып табылатын Гонконг қаласында қажетті еңбек ресурсы мен
                                                қызмет көрсету саласы, туризм жақсы дамыған.

                                                Халық тығыздығының жоғары болуының
                Ә                               кемшілігі

                                                    Халық тығыздығы жоғары Оңтүстік-Шығыс Азия аймағында
                                                жалпы экологиялық ахуалы нашарлауда. Оған бір себеп – халықтың
                                                тығыз қоныстануы. Халқы тығыз орналасқан аудандарда экологиялық
                                                мәселелерден ауаның және су қорларының ластануы, қалдықтардың
                                                жиналуы, қоқыстың көп болуы, климаттың өзгеруі байқалады. Себебі
                                                ірі Шанхай, Мумбай сияқты мегаполистерде өнеркәсіп орындары,
                                                автокөліктер көп, сонымен қатар қаладағы кептелістер, шу, жаяужолда
                                                адамдардың ығысуы байқалады.



                Б                                               Сен білесің бе?
                                                                    ҚХР астанасы Пекин қаласында 17,5 миллион
                                                                халық тұрады. Бұл арнайы тіркелген халық саны,
                                                Хайлар Харбин
                                                   Юйшу         ал тіркелмеген келімсектерді қоссақ шамамен 19
            Шуйдин                              Чанчунь
                    Урумчи                                      миллион халықты құрайды екен. Қаладағы халықтың
                                               Шэньян
              Кашгар                      ПЕКИН                 күннен-күнге артуы қала аумағы мен халық тығыз-
                                         Тяньцзинь              дығының жоғарылауына әкелуде. Қазіргі таңда
                              Синин   Шицзячжуан  Линьи  Циндао  қаладағы халық тығыздығы 1 км  жерге 1000 адам-
                                                                                              2
                                  Ланьчжоу
                                       Сиань  Нанкин            нан асады.
                        Лхаса       Чэнду  Ухань       Шанхай       2013 жылдың наурыз айында Пекин қала-
                                  Чунцин
                                          Чанша Наньчан
                                               Фучжоу    Тайбэй  сында ауаның қатты ластанғаны соншалық тұман
                               Куньмин      Гуанчжоу            тәріздес күлдердің пайда болуы байқалды. «Олар
                                      Чжаньцзян  Шаньтоу        қайдан пайда болады?» деген сұраққа жауап іздей-
                                                                тін болсақ, ол тікелей халық санымен байланысты
                              Халық тығыздығы (1 км )           болып отыр.
                                                 2
                                   0  1  10 100 200
                Қоныстанбаған


                Қытай елінің халық тығыздығы
         90
   85   86   87   88   89   90   91   92   93   94   95