Page 86 -
P. 86

Халықтың қоныстану заңдылықтары






                  Бұл сабақта:                      Халық тығыз орналасқан, 1 км  жерге 100 адамнан асатын аудан-
                                                                                2
                  ✔   халықтың қоныстану        дар қатарына Еуропа, Үнді-Ганг ойпаты, Оңтүстік Үндістан, Шығыс
                    заңдылықтарын               Қытай, Жапон аралдары, Ніл аңғары, АҚШ-тың солтүстік-шығысы,
                    анықтайсың.                 Атлант мұхитының жағалаулары жатады. Ал климат жағдайлары
                   textbooks nis edu kz
                                                қолайсыз аймақтарда – Аустралияның солтүстігі, Африка шөлдері,
                                                Еуропаның солтүстігі, Канада мен Ресейдің солтүстік бөлігінде халық
                                                сирек қоныстанған.
                                                    Халықтың орналасуына табиғат жағдайлары әсер етеді. Клима-
                                                ты жылы, шаруашылыққа қолайлы өзен жағалауларында адамзат
                                                тарихындағы ең алғашқы өркениеттер қоныстанған.
                                                    Ал әлеуметтік-экономикалық жағдайлар мен индустрияның да-
                                                муы қазіргі кездегі халықтың жиі орналасуына себеп болып отыр.
                                                Теңіз жолдары жақсы дамыған және табиғат ресурстарын игеру
                                                мақсатында, әсіресе Еуропа мен Американың, Азияның өнеркәсіп
                                                орталықтары орналасқан аудандарында халық тығыз қоныстанған.

                                                           Азия               Еуропа                 Африка
                                                 A


                                                         87                                            30,5

                                                                                72,5



                                                                                                Аустралия және
                                                  Солтүстік Америка       Оңтүстік Америка
                                                                                               Мұхиттық Аралдар



                                                                              21,4

                                                      22,9                                          3,2




                                                                Құрлықтар бойынша дүниежүзі халқының тығыздығы (1 км )
                                                                                                              2

                                                Халықтың қоныстану ерекшеліктері
                                  1 %
                       2000 м                       Алғашқы адамдар Африканың шығысына, Оңтүстік Еуропаға
                                    7 %         және Оңтүстік-Батыс Азияға қоныстанды. Кейін дүниежүзінің басқа
                                                аймақтарына тарала бастады. Климаты қолайлы, топырағы құнарлы,
                   1000 м               12 %
                                                ылғал жеткілікті, су көздеріне бай және вегетациялық мерзімі ұзаққа
                                          24 %
                 500 м                    56 %  созылатын аймақтарда халық ежелден бері тығыз орналасқан.
               200 м                                Қоныстануда жер бедері, яғни ойпатты, теңіз деңгейінен биік-
                                                тігі 500 м-ге дейінгі жазықты аймақтарда дүниежүзінің 80% халқы
                0
                                                шоғырланған.
                                                    Жалпы дүниежүзі бойынша адамдардың ең көп қоныстанған

                Ә. Дүниежүзі халқының биіктік   аймағы жылы белдеу аймақтары екені белгілі (Б картасынан қара).
                белдеулері  бойынша орналасуы (%)  Бірақ климат пен жер бедерінің ерекшеліктеріне қарамастан таулы
         86
   81   82   83   84   85   86   87   88   89   90   91