Page 91 -
P. 91
Халық тығыздығының сирек болуының География
артықшылығы мен кемшілігі
Халық тығыздығы өте сирек елдер қатарында Моңғолия жатады.
Халық санының аз болуы – халық тығыздығының төмен болуының бір
себебі. Бұл елдегі халық тығыздығының төмен болуы экономикалық
инфрақұрылымның дамуы үшін қиындықтар тудырады. Сонымен
қатар тұрғыны аз аймақтарда тұтынушылық құны жоғары тауарлар
өндірісі мен сұранысқа байланысты қиындықтар болады.
Моңғолиядағы халық сирек қоныстануының артықшылықтары да
бар. Елдің азық-түлік тұтынуға тәуелділігін ескерген жағдайда, халық
саны және ауыл шаруашылығы жерлері өз халқына жеткілікті. Елдің
ауыл шаруашылығының дамуына әсіресе мал шаруашылығын дамы-
туға арналған жайылым жерлердің көп болуы әсер етеді. Сонымен
қатар бұл елде экологиялық ахуал біршама жақсырақ. Моңғолияда
жалпы саны 3 млн-ға жуық халық қоныстанған қалалар саны аз.
Елдегі көлік тасымалы мен өндіріс орындарының аздығынан су
ресурстары мен ауа және т.б. ресурстар аз ластанады.
В textbooks nis edu kz
СЕНІҢ КЕЗЕГІҢ!
1. А, Ә, В суреттерін пайдалана отырып, Осы екі аймақты салыстырып, кездесетін
«халық тығыздығының жоғары немесе сирек қиындықтар мен артықшылықтар бойынша
болуының артықшылықтары» тақырыбында бес зерттеу жүргіз.
сөйлем құрастыр. 4.1. Халыққа.
2. Егер сен тұратын аймақта халық тығыз 4.2. Қоршаған ортаға.
қоныстанса өмір сүру қандай болмақ?
4.3. Мемлекетке.
3. Ә, В суреттеріндегі аймақтарда кездесетін
мәселелерді анықтап, талда. 5. Б картасын пайдаланып, Қытайдағы халық
тығыз қоныстанған қалаларды анықта. Ол
4. Моңғолия – халық өте сирек қоныстанған ел. қалаларда қандай мәселелер кездеседі?
Тығыздығы 1 км жерге 2-3 адамнан келеді. Мемлекет мәселелерді шешу үшін қандай
2
Халық өте тығыз Гонконгтта 1 км жерге 3400 жұмыстар жасауда?
2
адам екен.
Шығармашылық тапсырма
«Халық тығыздығы жоғары елдердегі бала тууын шектеу» тақырыбына эссе жаз.
91

