Page 116 -
P. 116

12.1.   Күн жүйесі







                  Күн жүйесі
                  ортасында Күн
                  және оны айналған
                  сегіз ғаламшар
                   textbooks nis edu kz
                  мен астероидтар
                  белдеуінен
                  тұрады. Бұл
                  аспан денелерінің

                  бір-бірінен
                  қандай айыр-
                  машылықтары
                  бар?






                  СЕН БІЛЕСІҢ БЕ?               Күн жүйесі қалай құрылған?


                 Біздің Күн жүйемізге ең жақын   Күн жүйесі көптеген әртүрлі аспан денелерінен тұрады: жұлдыз-
                 орналасқан жұлдыз Проксима     дар, ғаламшарлар мен олардың серіктері, сонымен қатар
                 Центавра болып табылады, ол    өлшемдері мен пішіндері, қозғалыс траекториялары әртүрлі
                 бізден 4,2 жарық жылы (1 жа-   астероидтар мен кометалар.
                 рық жылы шамамен 9 триллион
                 км-ға тең) қашықтықта орна-
                 ласқан. Шолпан мен Ураннан     Біздің жұлдызымыз: Күн
                 басқа ғаламшарлар батыстан
                 шығысқа қарай айналады. Уран      Күн біздің галактикаға кіретін миллиондаған жұлдыздардың
                 айналу барысында қырынан жа-   бірі болып табылады. Ол біздің Күн жүйеміздегі ең ірі нысан. Оның
                 тады деуге болады, себебі оның
                 осінің көлбеулігі шамамен 900.   массасы жуықтап алғанда Күн жүйесінің барлық массасының 98%
                 Біз  ғаламшарлардың  қозға-    құрайды. 5-тарауда оқып білгеніміздей, Күн барлық массасы бар
                 лысын бір бағытта айналатын    нысандарға үлкен тартылыс күшімен әсер етеді. Сондықтан Күн
                 зырылдауық ретінде қарасты-
                 руымызға болады. Шолпан мен    жүйесінің барлық нысандары оны айналады.
                 Уран қарсы бағытта айналатын
                 зырылдауықтар.                 Ғаламшарлар

                                                Күн жүйесі ғаламшарының Күннен алыстау ретімен орналасуы: Мер-
                                                курий (қазақша аты —«Болпан» немесе «Кіші Шолпан»), Шолпан,
                                                Жер, Марс (қазақша аты—«Аңырақай» немесе «Қызыл жұлдыз»),
                                                Юпитер (қазақша аты — «Есекқырған»), Сатурн (қазақша аты —
                                                «Қоңырқай»), Уран және Нептун. Уран мен Нептунды тек телесо-
                                                коптың көмегімен көруге болады. Ал басқа ғаламшарларды ашық
                                                түндерде жай көзбен де көруге болады.


                                                 ТАПСЫРМА   Аспан нысанына ғаламшар мәртебесін беру үшін Ха-
                                                лықаралық  Астрономиялық  Одақтың  бекіткен  негізгі  үш  шартын
                                                анықта.


        116
   111   112   113   114   115   116   117   118   119   120   121