Page 117 -
P. 117

Физика
            Ғаламшарлардың
            айырмашылықтары


            Біздің Күн жүйемізде ғаламшарлардың негізгі 2 типі
            бар: ішкі белдеудегі және сыртқы белдеудегі.
            Меркурий, Шолпан, Жер және Марс ішкі белдеу-
            дегі ғаламшарлар. Бұл ғаламшарлар негізінен қатты
                   textbooks nis edu kz
            жыныстардан тұрады және көлемі бойынша сыртқы                      Марс бетінің көрінісі,
            ғаламшарларға (Юпитер, Сатурн, Уран және Нептун)                   «Любопытство» НАСА Марста
                                                                               жүруге арналған механизмнің
            қарағанда әлдеқайда кішірек болып келеді.                          түсірген суреті.

            Ғаламшарлардың серіктері

            Көптеген ғаламшарлардың, өлшемдері кіші және оны
            айнала қозғалатын,табиғи серіктері бар. Жердің серігі
            және біздің ең жақын аспан көршіміз — Ай — те-
            реңірек зерттелген. Болпан мен Шолпанның серік-
            тері мүлдем жоқ. Марстың айналасында Фобос пен
            Деймос деген екі серігі айналады. Юпитер, Қоңырқай,
            Уран және Нептун сияқты алып ғаламшарлардың
            көптеген серіктері бар.                                       Астероидтың Күнді айналу орбитасы


            Күн жүйесінің басқа да денелері

            Марс пен Юпитер орбиталарының арасында асте-
            роидтар деген атпен белгілі миллиондаған кішкентай
            нысандар бар. Олардың кейбіреуі құм түйіріндей
            кішкентай да, кейбіреулерінің диаметрлері жүздеген
            километрге жетеді.

            Қатқан газ бен шаң түріндегі басқа нысандар. Күнді
            созылған орбита бойымен айналады, кейде Күнге
            жақындағанда қатқан газ еріп үлкен жарқыраған құй-                            Жер үстіндегі комета
            рық пайда болады. Бұл денелер кометалар деп атала-
            ды. Белгілі кометалардың бірі  Галлея кометасы болып
            табылады, ол Күнге  75 жылда бір рет жақындайды.
            Кейде Күн жүйесінің нысандары Жер атмосферасын-
            да қызып, оның жоғарғы қабаттарында жанып кетеді.
            Бұл нысандар метеориттер деп аталады.

             ТАПСЫРМА   Күн  жүйесінің  бір  ғаламшарын  таңдап
            алып  ол  туралы  ақпарат  дайындап,  оны  Жермен
            салыстыр. Күндердің күнінде бұл ғаламшарда адам-                          Метеориттің  алаулаған ізі.
            заттың өмір сүру мүмкіндігін болжа.


                СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР

              1.  Біздің Күн жүйеміздің әртүрлі нысандарын сана және сипатта.   3.  Галлея кометасы Күнді үнемі ай-
                                                                               нала ма? Қалай ойлайсың?
              2.  Аспан денелерінің бір-бірінен қандай айырмашылықтары бар
                 екендігін түсіндір
                                                                                                                117
   112   113   114   115   116   117   118   119   120   121   122